Денсаулық сақтау саласындағы лауазымды тұлғалар пара алғаны үшін сотталды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
2022 жылғы 14 шілдеде Шымкент қаласында Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Түркістан облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Ерлан Курбанходжаевқа қатысты айыптау үкімі шықты. Оған 27 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.
Осы үкіммен Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Шымкент қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Тұрманов, «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшысы Адахамов, «Низам Ата» ЖШС өкілі Ахмадалиев пен Нышанбаев 2 миллионнан 20 миллион теңгеге дейінгі түрлі айыппұлдарға сотталды.
Құрбанходжаев Адахамов пен Нышанбаевтың делдалдығы арқылы «Низам Ата» және «KAUSAR KLINIKASY» ЖШС басшылығынан медициналық қызметке лицензия бергені үшін 800 мың теңге көлемінде пара алғаны үшін кінәлі деп танылды.
Сот Тұрмановты Нышанбаевтың делдалдығы арқылы клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификатын бергені үшін жалпы сомасы 60 мың теңге болатын жүйелі парақорлыққа кінәлі деп таныды.
Сотталғандар өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?