Валютаны әкетуге жол бермеу туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеме жасады.
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» 14 наурыздағы № 830 Жарлығын іске асыру шеңберінде «Алматы» шекаралық бақылау басқармасы Алматы қаласының Авиациялық көлік прокуратурасының үйлестіруімен ағымдағы жылдың басынан бастап Қазақстан Республикасынан 8 000 000 АҚШ долларынан астам сомаға валютаны әкетуге жол берген жоқ.
Осыған байланысты шекара қызметі азаматтарға «Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі шаралары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 14 наурыздағы № 830 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес 10 000 АҚШ доллары баламасынан асатын сомада шетел валютасын әкетуге тыйым салынғанын хабарлайды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?