Әкелі-балалы Матаевтар ақталды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының  өкілі Айдос Садуақасов мәлімдеді

Жоғарғы Сот Бас Прокурордың наразылығы бойынша сотталғандар Сейтқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты қылмыстық істі қарады.
Ағымдағы жылдың 24 маусымында Жоғарғы Сотқа келіп түскен наразылықта Бас Прокурор іс үшін елеулі маңызы бар мән-жайлар бойынша сот тергеуінің толық болмауына байланысты сот актілерінің күшін жоюды және қылмыстық істі апелляцияға жаңадан қарауға жіберуді сұрады.
Бүгін, 19 шілдеде Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 7 судьясы наразылықты қарап, сот актілерінің күшін жойды.
Сейтқазы және Әсет Матаевтардың әрекеттерінде қылмыс құрамының болмауына байланысты іс жүргізу тоқтатылды.
ҚПК-нің 39-бабына сәйкес ақталғандардың қылмыстық процесті жүргізуші органның заңсыз әрекеттерінен келтірілген зиянды өндіріп алу құқығы танылды.
Наразылық ішінара қанағаттандырылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?