Бір жыл өтпеді қаңтар оқиғасына. Оқ ұшып, қанша қазағымның бақилық болып, мемлекетке қыруар шығын келу салдарының бірі, осы террористердің елде бүлік шығарып, қанды қырғын орнатқаны емеспе?

Енді ес жиямызба деп жатқанда Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасына қарасты «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына, жол полициясы, инженер, өрт сөндіруші болып қызмет еткен Нұрболат Серікбайұлы тағайындалды.
Дінге дені дұрыс теологтың табылмағаныма?

Онсызда сәлдесі басында, сақалы салбыраған «діндар», «костьюм- шалбар көгілдірлердің киімі»- деп, айды аспаннан шығарып жатқаны жетеді.

Теологтар жоқ болса, онда дінімізде оңып тұрған жоқ сияқты деп ой түйдім.
Мемлекетіміздің, ұлтымыздың, халқымыздың қауіпсіздігін тапсырып, төраға еткен экс-Ұлттық Қауіпсіздік комитетіндегі басшы Кәрім Масимов не жасады…?

Біз сабақ алмағанға ұқсаймыз…

Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2022 жылғы 21 маусымдағы бұйрығымен Ахметов Нұрболат Серікбайұлы «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.
Нұрболат Серікбайұлы 1968 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген.
Алғашқы еңбек жолын 1988 жылы Қостанай облысы, Қамысты ауылы, Дружба совхозында эксплуатация инженері болып бастаған.
1991-1992 жж. — Қызылорда қаласы ЦКЗ №12 Өрт сөндіру бөлімінде бөлімше командирі;
1992-2013 жж. — Қызылорда облыстық ішкі істер департаментінің Жол полициясы басқармасында басшылық қызметтерді атқарған.
2013 жылдың мамыр айынан ҚР ІІМ-нің құрметті зейнеткері.
2014 жылғы 12 ақпаннан бастап бүгінгі күнге дейін Қызылорда облысының дін істері басқармасының «Дін мәселелерін зерттеу орталығы» КММ-нің «Мониторинг-талдау, ұйымдастыру және жоспарлау» бөлімінің басшысы қызметін атқарып келді.
Отбасылы, 3 баласы, 5 немересі бар.
Қызылорда облысы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?