ҚМА қаржы пирамидаларына қатысты жұмыс тәсілдерін жетілдіруде. Бұл туралы ҚР Қаржылық мониторинг агенттігі  хабарлады.
Аналитикалық құралдарды кеңінен қолдану арқылы «жазалаушы» постфакторлық әдістен профилактикалық әдіске көшу жүзеге асырылды.
Қолданыстағы заңнамаға қаржы пирамидаларын жарнамалағаны үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Қаржы пирамидаларының қызметін жарнамалайтын сайттарды бұғаттаудың тетігі әзірленді.
Қабылданған шаралардың арқасында 3 мыңнан астам осындай сайттар бұғаттауға жіберілді.
Биыл барлығы 28 қаржы пирамидасын ұйымдастырушыларға қатысты Қылмыстық кодекстің 217-бабы бойынша 33 қылмыстық іс тіркелген.

Сот 7 қылмыстық істі қарады, олар бойынша 11 адам сотталды, оның ішінде 1 — шет мемлекеттің азаматына қатысты. Барлық тұлғаларға нақты мерзімге – 3 жылдан 6 жыл 8 айға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Бұл ретте 7 адам 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
ҚМА азаматтарды аса сақ болуға және оларды қаржылық пирамидаларға тартатын алаяқтардың айла-амалына түспеуге шақырады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?