Шымкент қаласы «Ветеринарлық қызмет» МКК-ның ветеринариялық дәрігерлерінің форма үлгісі жаңартылды.

Жаңа бірегей форма, қызметкерлердің жұмыс өнімділігін арттыру мақсатында жүргізілген зерттеулердің нәтижесіне сүйене отырып, арнайы құрастырылған.

Енгізілген жаңартулардың артықшылықтары:

▪︎Жаңа форма үлгісіндегі «VetQyzmet» логотиптері мекеме мамандарын ақылы қызмет көрсететін жалған ветеринариялық дәрігерлерден ажыратуға ықпал етеді

▪︎Әрбір ветеринариялық дәрігердің кеудесіне бекітілген QR-кодты сканерлеу арқылы қызметкер және мекеме жайлы толық ақпаратты көре аласыз, сонымен қатар өз пікіріңіз бен ұсыныстарыңызды онлайн режимде қалдыру мүмкіндігі қарастырылған

Әрбір қалдырылған пікір тікелей өзімнің бақылауыма алынады, ол өз кезегінде халық пен мекемені тығыз байланыстыра отырып, қызметкерлердің біліктілігін арттыруға ықпал етеді.

«Ветеринарлық қызмет» МКК

Шымкент қаласы

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?