Алматыда мемлекеттік қызметкерлер АӨК дамытуға бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталды-деп мәлімдеді Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.
Алматы қаласы Медеу аудандық №2 сотының үкімімен Алматы қаласы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының бұрынғы басшысы А.Керімбек, оның қарамағындағылар К. Әбдіжаббарова, Д. Тазабек және «Молпродукт» ЖШС директоры Р. Сүлейменова бюджет қаражатын жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды.
Мемлекеттік қызметкерлер ауыл шаруашылығы саласындағы агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін субсидиялауға бөлінген 423 миллион теңгені ұрлап кеткен.
А.Керімбек, К. Әбдіжаббарова, Д.Тазабек мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Р. Сүлейменоваға коммерциялық ұйымдарда 5 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?