Таразда «қылмыстық іске көмектесемін» деген жалған қорғаушы ұсталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Тараз қаласының Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны хабарласып, бейтаныс ер азаматқа алданып қалғанын айтты.

Азаматшаның айтуынша, ол танысына қатысты жүргізіліп жатқан қылмыстық іске көмек көрсету үшін заңды өкілі есебінде қорғаушы жалдайды. Соттың өндірісіндегі іске көмек көрсету үшін оған сұрауы бойынша 500 000 теңге ақша береді. Бірнеше күн аралығында істің мән-жайын толық анықтап, мәселені шешу үшін тағы 100 000 теңге жіберуін сұрайды. Өзін қорғаушымын деп таныстырған азамат қомақты қаражатты алған соң байланысқа шықпай, оның алдап кеткендігі белгілі болады.

Жедел іздестіру шаралары барысында Тараз қ. Полиция басқармасының тергеу тобымен облыс орталығының 36 жастағы тұрғыны анықталды.

Күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазіргі таңда оған қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабының 1-бөлігімен (алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

 

Құрметті тұрғындар, алаяқтардың арбауына түсіп қалмас үшін сақ болыңыздар!

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?