Аудандық сот, құқықтарды бұзған-деп, Сардар Әбдіжақия өзінің фейсбук парақшасында ақпарат таратты. Айтуынша, Түркістан облыстық соты Қазақстан Республикасы ҚК-нің 131- бабы 2- бөлігімен ақталған М.Ш. мен А.С. есімді азамтшаға қатысты қылмыстық істі апелляциялық сатыда қарауға болмайтыны, яғни оны кері қайтарғаны туралы сөз етті.

Түркістан облыстың сотының, қылмыстық істер жөніндегі төрағасы  Айдос Сұлтановтың апелляциялық шағымды қайта әзірлеу үшін кері қайтаруының себептері, төмендегідей кемшіліктерге толы болған:

  • Бірінші сатыдағы сот, жоғарыда аталған іс жүргізу заң талаптарын орындамай, яғни бұзып, адвокаттардың апелляциялық шағымдарын жеке айыптаушы У. ның және де тиісінше адвокат Г.М. шағымын адвокат Е.Т. ға, ал адвокат Е.Т. шағымын адвокат Г.М. ға танысу үшін жолдамаған.
  • Бұл ретте, аудандық сот, жеке айыптаушы У. ның, адвокаттардың іс жүргізу заңында көрсетілген құқытарының бұзылуына жол берген.
  • Бірақ аудандық сот іс жүргізу заң талаптарын бұзып, іс бойынша шығарылған үкім заңды күшіне енбей және оған шағым жасау мерзімі өтпей тұрып, қылмыстық істі 2022 жылы 8 тамызда апелляциялық сатыда қарау үшін жолдап жіберген.
  • Мұнан бөлек аудандық сот, ҚПК-нің 421- бабының 2- бөлігінің талаптарын орындамай, адвокат Е.Т. берген апелляциялық шағымын апелляциялық сатыда қарауға жолдамаған.

Сардар Әбдіжақия, мұндай судьялар бір шағымды жолдауда 4 кемшілік жіберсе, сотталып жатқан адам тағдырлары не болып жатыр?- деп алаңдаулы.

Өз пікірнде, заңгер Сардар Әбдіжақия, бір кемшілікке бола, бүкіл сот жүйесін жамандап, қаралауға болмайтынын, қара қылды қақ жаратын әділ судьялар бар екенін ескеру керектігін, оған қоса судьяларға баға беруге болмайтынын, ал сыбайлас, жемқор, қалтаның қамын ойлайтын судьялар мен бірге, осы кемшілікті жіберген судья қызметінен кету керектігін алға тартып өз ойымен бөлісті.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Түркістан облысы, Ордабасы ауданы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?