Жетісай ауданындағы базардағы өртке байланысты 600-ге жуық өтініш тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі мәлімдеді.

Жетісай қаласындағы базар өртінен кейін полицейлер халыққа барынша түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Десек те, бір түнде барынан айырылған саудамен айналысатын тұрғындар өз наразылықтарын білдіруде. Олар бүгін сағат 11:05-те М. Әуезов көшесінің бойында жиналып, жолды жапқан болатын.
Полицейлер қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында бірден әрбір тұрғынмен түсіндірме жұмысын жүргізіп, нәтижесінде бір сағаттан соң азаматтар үйлеріне тарқады.
Қазіргі таңда аудандағы жағдай тұрақты. Полицейлер жолдарды, базар аумағын бақылауға алып, қызмет етуде. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары өрттің салдарынан мүліктері жарамсыз болған кәсіпкерлердің шығындары бойынша арыздарын қабылдауда.
Қазірдің өзінде полицияға 600-ге жуық арыз тіркелді. Естеріңізге сала кетсек, 26 тамызда 03:00 шамасында Жетісай қаласындағы “Күлпаршын ана” базары өртке оранған болатын. Тілсіз жауды ауыздықтауға өрт сөндірушілермен қатар, 300-ден астам полицей тартылды.

от admin

Один комментарий к “Жетісай ауданындағы базардағы өртке байланысты 600-ге жуық өтініш тіркелді.”
  1. Здравствуйте спасибо за информацию. В Кудрово тоже есть прекрасные частные детские садики. Мы недавно переехали в этот город и записались сюда https://sadik-spb.ru/dietskii_sad_kydrovo . Нашим детишкам очень нравится, каждый день идут с удовольствием 🙂

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?