Ақтөбе қаласы №2 сотының хабарламасы бойынша:
Ақтөбе қаласы № 2 сотымен айыпталушылар Есіркепов және басқаларға қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрамында қаржы пирамидаларын құрды және оларға басшылық жасады деген айыппен қылмыстық іс бойынша сот үкімі жариялануда (ҚК-нің 217-б. 3-б. 1),2)-т, 214-б. 2-б., 262-б. 1-б., 262-б. 2-б., 190-б. 4-б. 1),2)-т).
Қысқаша фабула
Сотпен, Есіркепов және басқа сотталушылардың 2018 жылы Ақтөбе қаласында аса ірі көлемде қылмыстық топпен алдау және сенімге қиянат жасау жолымен бөтеннің мүлкін ұрлау мақсатында «Выгодный займ» ЖШС, «Гарант 24 ломбард», «Эстейт Ломбард», «Нұр-Али Капитал» қаржы пирамидаларын құрып, оларға басшылық жасағаны анықталды.
Іс бойынша 48 адам сотталушы, 17 268 адам жәбірленуші болып табылады, қылмыстық іс 3786 томнан тұрады.
Қылмыстық құқық бұзушылықтар республиканың 13 облысында жасалған.
Сотталушылардың ұстанымдары:
Сотталушылар Н.М.Танбашев, Ж.Т.Есіркепов, А.Х.Тойчиева кінәләрін ішінара мойындап, жәбірленушілерден кешірім сұрады.
Қалған сотталушылар кінәсін мойындамады, жалдамалы жұмысшылар ретінде басшылардың нұсқауларын орындағанын түсіндірді.
Дәлелдемелер:
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлардің айғақтарымен, жәбірленушілермен жасалған шарттармен, кеңселерді қарау хаттамаларымен, ЖШС бухгалтерлік құжаттамаларымен, аудиторлық тексеру қорытындыларымен дәлелденеді.
Прокурордың ұстанымы:
Прокурор соттан барлық сотталушыларға бас бостандығынан айырумен байланысты жаза тағайындауды сұрады, атап айтқанда:
— Есіркепов, Танбашевқа 20 жылға, Мурзабеков, Князбаеваға 19 жылға, Елтаевқа 17 жыл 6 айға, Бекмухамбетов, Арыстанова, Жансугуровке 17 жылға, Амангалиев, Кулниязов, Афонин, Юлдашев, Рамадинов, Нұрметовке 16 жылға, Сексенбаев, Нұржанов, Ағиев, Акишев, Рахымбаев, Черикбаев, Мырзабеков, Мырзабеков, Кәдірберген, Қуанышұлына 15 жылға, Бәйменге 14 жыл, Елеуов, Бакасов, Баймұқановқа 13 жыл, Қанатбаев, Ысқақов, Әділов, Абдурахимов, Мырзахметов, Мустафинов, Айтмағамбетов, Қоңырбаева, Тойчиеваға 12 жылға, Ивановаға 11 жылға, Хайров, Қанат, Қанапьянов, Қазиев, Қайбаров, Әбдиеваға 10 жылға, Ситинов, Кубиев, Адиловаға, Хамзинге 9 жылға бас бостандығынан айыруды және олардың мүлкін тәркілеп, коммерциялық және қаржы ұйымдарында басшылық лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыруды сұрады.
Тағайындалған жаза
Сот үкімімен сотталушылар кінәлі деп танылып, барлығына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Жаза тағайындау кезінде Есіркеповтің, Танбашевтің, қаржы пирамидаларын құрушы мен жетекшісі ретіндегі рөлдері, Мурзабековтің қаржы пирамидаларының ұйымдастыру сәттеріне белсенді қатысқаны, Князбаеваның ЖШС филиалдарының арасындағы ақша ағымының қозғалысын бақылауда көрсеткен бухгалтерлік қызметі ескерілді.
Бұл ретте әрбір сотталушымен жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтағы рөлі, олардың жеке басы, сондай-ақ зардап шеккен адамдардың саны және өңірлердегі әрбір филиал бойынша залал сомасы ескерілді.
— Есіркеповке, Танбашевқа мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 18 жылға,
— Мырзабековке мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 16 жылға,
— Князьбаеваға мүлкі тәркіленіп, 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 13 жылға,
— Аманғалиевке, Елтаевқа, Жансүгіровке мүлкі тәркіленіп, қаржы және коммерциялық ұйымдарда 7 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 12 жылға,
— Кулниязов, Мырзабеков, Рахымбаев, Елеуов қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 11 жылға,
— Кубиевке, Сексенбаевқа, Қуанышұлына, Кәдірбергенге, Нұржановқа, Ағиевке, Афонинге, Акишевке 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 10 жылға,
— Бекмұхамбетов, Рамадинов, Мырзабеков, Нұрметов, Юлдашев, Ысқақов, Айтмағамбетов, Черикбаев, Бакасов, Арыстанова, Бәймен, Тойчиеваға 10 жыл мерзімге қаржы және коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 9 жылға,
— Ситинов, Қоңырбаева, Хайров, Қанат, Қанатбаев, Казиев, Әділов, Мустафинов, Баймұқанов, Абдурахимов,Мырзахметовке мүлкі тәркіленіп, қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 8 жылға,
— Абдиева, Адилова, Кайбаров, Канапьянов, Иванова, Хамзинге мүлкі тәркіленіп, қаржы және коммерциялық ұйымдарда 10 жыл мерзімге басшылық лауазымдарды атқару құқығынан айыра отырып, 7 жылға бас бостандықтарынан айыру жазасы тағайындалды.
Ағымдағы жылы 26 тамызда үкім ішінара, яғни, сотталушыларды кінәлі деп тану және тағайындалған жаза бөлігінде жария етілді.
Үкімнің қарар бөлігін оның көлемі үлкен болуына байланысты бір апта ішінде толық жариялау күтілуде. Үкімді жариялау 2022 жылғы 31 тамызда 9 сағат 30 минутта жалғасады.
Сот үкімін толық жариялау қорытындылары бойынша, яғни, соттың заттай дәлелдемелер тағдырын шешуіне және жәбірленушілердің азаматтық талап — арыздарына қатысты қосымша баспасөз-релизі жарияланатын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?