Қостанай қаласындағы қару-жарақ дүкенінде ірі өрт шықты. Бұл туралы ҚР төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді.

3 қыркүйек күні сағат 11:20-да Н.Назарбаев даңғылында «Оружейная палата» дүкенінің жеке тұрған бір қабатты ғимараты өртеніп, КЖС және асхана ғимаратының шатырына ұласты. Өрт ауданы 2 мың ш.м. астам алаңда жайылған.
Қазіргі уақытта оқ-дәрілер жарылуда. Өрт орны толығымен қоршалып, барлау жұмыстары жүргізілуде.
Өрт 8 жеке тұрғын үйге тарады, сондай-ақ үйдің жанында тұрған екі жеңіл автокөлік зақымдалды.
Қару-жарақ дүкені иесінің айтуынша, жертөледе 2 адам бар, жеке құрам оқ-дәрілердің жарылуына байланысты дүкенге кіре алмауда. Өрттің шығу себебі анықталуда.
Зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖД күштері жұмыс істеуде. Өртті сөндіруге жеке құрамнан 40 адам және 12 бірлік техника жұмылдырылды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?