Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 19 ақпандағы №30/6 бұйрығымен, аға әділет кеңесшісі, Елдос Тұрғынбайұлы Әмірхан Тараз қаласының прокуроры болып тағайындалды.

Әмірхан Е.Т. 1976 жылдың 8 сәуірінде туылған. Прокуратура органдарында 2002 жылдан бастап қызметін атқаруда.

Бұрын, Жамбыл облысы прокуратурасында Мемлекет мүддесін соттарда өкілдік ету жөніндегі басқарманың орынбасары, бастығы және Бас прокуратураның Мемлекет мүддесін соттарда өкілдік ету ​ және прокурорлардың ұсыныстарын қарау жөніндегі департамент басқармасының аға прокуроры, өтініштерді қарау және азаматтарды қабылдау туралы заңдардың қолданылуын қадағалау жөніндегі топтың — Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2017 жылдың шілдесінен бастап Бас прокуратураның Құқық қорғау қызметтері орталығының — Бас Прокурордың аға көмекшісі лауазымында қызмет атқарған.
Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?