Демократиялық, Тәуелсіз мемлекетте, 1- қараша күні түнгі уақытта, бір келіншекті көлік басқару кезінде  қауіпсіздік белдігін тақпағансыз  деп,  қызметтік көліктерін, көлік жүргізушінің көлігінің алдына төтесін қойып, террористі ұстаған секілді 6 шақты полицей, Түркістан облысының  Ордабасы ауданы орталығында өздерінің көліктеріне мәжбүрлеп салып, Шымкент қаласындағы сараптама ғимаратына алып кеткен.

Көлікті алдына шығып тоқтатқан Ордабасы ауданындағы ЖПП қызметкерлерінің қызметтік көлігі
Көлікті алдына шығып тоқтатқан Ордабасы ауданындағы ЖПП қызметкерлерінің қызметтік көлігі
Ал, қолында планшет ұстаған полиция қызметкері Мухит Орынбаевтың, полицейлер қолданатын планшеттер ҚР ІІМ-нің  базасына жалғанбағанба әйтеуір әріптестері мен бірге көлік жүргізушінің құжаттарын талап етеді.
Көлік құралын басқарушылар енді құжат алып жүрмейді деген министр Марат Ахметжанов, өзінің қалауын айтып халықты сендіріп,  алдап соққан сияқты.
Көлік құралын басқару кезінде қауіпсіздік белдігін тақпағанын дәлелдеуді құптамаған полицейлер, басқа не айтарын білмей қалғанба, әлде тоқтатқаны заңсыз болса, сол заңсыз ісін жасырғысы келді ме,  «спирттік ішімдік ішкенсізбе?»- деген сұраққа көшеді. Алты бірдей полицей келіп тоқтатып, спирттік ішімдік ішкенін тексеретін арнайы құрылғысы болмаған соң болар, қолына үрлеткісі келген іс-әрекеттерге көшкен.  Соңында өздері қалағандай, спирттік ішімдік  ішуде күдікті болып тұрсыз- деп, Ордабасы ауданындағы  ЖПП қызметкерлері  масаң күйде емес адамды сонау Шымкент қаласына алып кетеді.

 

      Күдікті етіп көрген көздері мен сезген сезімдері полицейлердің өздерін алдап соқты. 
Себебі сарапшы дәрігерлер,  күдіктелген көлік жүргізушісіне қатысты,  «Алкоголь тұтыну фактісі, масаң күйде болу белгілері жоқ»— деген қорытындысын берген.   Спирттік ішімдік ішуде күдігі оянған  Ордабасы ауданындағы полицейлер, бір әйел кісіні сараптамадан өткізу үшін  адвокатының келуіне қарамай қолынан сүйреген погондылар сараптмаға қан сынамасын өткізуге мәжбүрлеген екен.
Сарптама қорытындысы
Сарптама қорытындысы
Ордабасы аудандық ЖПП қызметкерлері кімнің  тапсырмасын орындаған бізге белгісіз.
Президент сайлауы алдында, Ордабасы ауданында наразылық шарасын ұйымдастырған уақытта бір погондының «құлағы» көрінбеген.
Әйел кісіні, яғни осы жәйттегі келіншек Ұлжан Елмұратованы зорлауға оқталған, түн ортасында күйеуі, бала-шағасы бар үйге кірген азаматты, Ордабасы аудандық сотының судьясы 5 жылға бас бостандығынан айырған жігіттің анасы ауылдағы әйелдермен өздерінің үндеуін президентке жолдаған уақытта, ешқандай полиция қызметкері де, жергілікті билікте араласпаған, бәлкім жергілікті билік рұқсат беріп, қолдау көрсеткен де шығар, оны тиісті органдар анықтай жатар.
Сайлау алдында наразылық шарасы, қанды қырғын қаңтар оқиғасының екінші эпизоды болып жүрмесіне кім кепіл?
Қаңтар оқиғасын,  ұйымдасқан, алдын ала дайындалған қылмыстық топтардың іс-әрекеті екенін ҚР Бас Прокуратурасы айтты емеспе?
Соттың үкімі оқылған соң, ешкім, еш қандай мекеме сот актілеріне араласпаушы еді. Алайда сот үкімін  наразылық шаралары мен қоғамдық саяси белсенділер араласып, теледидарлардан көрсетіп шешіп алғысы келгендер бар екенін естіп, көріпте отырмыз. 
Ал сау адамды автокөлігін айыппұл тұрағына тығып, көлік жүргізушісін алып кетуіне қандай негіз бар, көрсетпеді, себебі, спирттік ішімдік ішті деп күдіктелген азаматшаның көлігін айыппұл автотұрағына емес, полицейлер АПБ ауласына кіргізіп қойған.
Ордабасы аудандық АПБ ауласында тұрған  көлік
Ордабасы аудандық АПБ ауласында тұрған көлік
1- қараша күні полицейлер алып кеткен HYUNDAI TUCSON автокөлігін көлік егесі, Ордабасы аудандық АПБ ауласынан 2- қараша күні барып кезекші полиция қызметкерлері рұқсаты мен алып кеткен.
Ол аздай АПБ ауласында тұрған HYUNDAI TUCSON автокөлігінің алдынғы сол жақ жоғарғы және төменгі бөлігінде сырылған фактісі анықталды.  Көліктің сырылған фактісіне қатысты кезекші прокурорды шақыртыту үшін іздеген көліктің егелері кезекші прокурорды таппаған. 
Сол АПБ ғимараты ішінде адвокаттармен бірге қалыс тараптар қатысуы мен акт түзілді. Алайда актіге полиция қызметкерлері қол қоюдан бас тартқан. 
Түлкібас ауданынадағы Ақбиік ауылдық округінде, халықым деген экс -әкім Мұхит Орынбаев 4 жыл әкім болған. Елім, халқым деп жүріп, 2021 жылы  Мухит Орынбаев сайлаудан өте алмай қалып, бүгінгі таңда Ордабасы ауданына полицей болып қызметке келіпті.
Экс-әкім Мұхит Орынбаев, қазіргі полицей қызметкері
Экс-әкім Мұхит Орынбаев, қазіргі полицей қызметкері
Ауыл әкімдерін қазір халық сайлайтын болғанын білесіздер. Халық әбден шаршаған әкім болған шығар, әйтеуір өзін ішкі істер қызметінде жұмыс жасауды жөн көрген көрінеді.
Бір қызығы, қылмысты қолдан жасамақшы болғанба, әлде арнайы топтардың тапсырмасын орындағанба, Ұлжан есімді келіншекті жолда тоқтатып, себебін дәлелдеп көрсетпей, өз әріптестерімен бірге оны мас деп, айыптамақ болғаны амалға аспай қалды. Ел шулап жатып, жеке тұлға, ҚР азаматшасы Ұлжан Елмұратованы бірігіп жамандап артына май шаммен түскендер қатарынан бұл экс-әкім Орынбаевта табылып отыр десем қателеспеймін. Себебі оны спирттік ішімдік ішпегенін сараптама қорытындысы растап берді. Ал қауіпсіздік белдігін тақпағанын дәлелін әлі көрген жоқпыз!
Бұл экс-әкім Мұхит Орынбаев қой терісін жамылған қасқырма деп өзім ой түйдім. Кейіннен ол Мұхит Орынбаев қандай әкім болған деп сұрастырып көріп, көзім шығып кете жаздады. Алла сақтасын…! (ол туралы зерттеп жатырмын кейінірек жазамын)
Ал енді бұл полицейлер де, сол бұрын боқтаған бейнежазбасы таралған, Ұлжан есімді келіншектің  артына түсіп алған арнайы топтар мен полицейлер бірге ме деген күдік көңілге кірбің салып отыр.
Енді сол Ұлжан Елмұратованы көшеде боқтаған видеосын жариялаған журналист Сәуле Әбілдаханқызы мен блогер және НСОД мүшесі Әйгүл Орынбек, 4 баланың анасы Ұлжанды елге қаралап беріп тіпті өзіне қол жұмсауына да себеп болған көрінеді. Себебі Сәуле Әбілдаханқызы мен Әйгүл Орынбекке ҚР ҚК- нің 105- бабы, яғни өзін өзі өлтіруге жеткізу айыбы мен қылмыстық іс қайта жаңғырған. Әрине сот шешеді олардың айыпты немесе айыпсыз екенін.
Ұлжан Елмұратова қазіргі таңда ешжерде жұмыс жасамайды, мемлекеттік қызметкер емес, оның суреттері мен видеоларын өзінің  рұқсатынсыз жариялап елге қаралап жазып жатқан адамдар бар.
Арнайы топтар артынан қалар емес, елге бір боқтағанын көрсетіп алып, қалған айыптарды қолдан жасап, жазып, жариялап әлек!
Жеке тұлғаның жеке өміріне ешкімнің қол сұғуына рұқсат жоқ және адам өміріне қол сұғылмайтыны туралы  ҚР Конституциясында кепілдік берілгенін, жазып жамандап жүргендер білмесе керек. Ертең сотқа барса білмей жүргендерін біліп, үйреніп алары анық!
Ал енді Мұхит Орынбаев, Ұлжан Елмұратованың автокөлігін айыппұл тұрағына алып барса түсінемізғой, алайда олар әріптестерімен бірге аудандық полиция бөлімінің ауласына алып барып қояды. Сонда ол көлік айғақ зат (вещдок) болғаны ма, олда құпия болып отыр.
Автокөлікті, алдына көлік қойып тоқтатқанына қарағанда, бұл Мұхит Орынбаев үлкен бір террористі ұстадым деп ойлап кеткен болса керек, тіпті қолында планшет тұрса да, автокөлік егесінен құжаттар сұрап отыр. Тағы Түркістан облысы полиция департаменті:
«Сәлеметсіз бе, 2022 жылы қараша айының 1-нен 2-не қараған түні, сағат 23.30 шамасында Ордабасы АПБ-ның патрульдік полицейлері түнгі ауысымда қызмет атқару кезінде жүрісі күмән келтірген көлікті тоқтатты.
Анықталғандай көлік жүргізушісі қауіпсіздік белбеуін тақпаған. Одан әрі қарай тексеру кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішкеніне күдік туындап, сақшылар наркологиялық куәландыруға жеткізген.
Азаматша куәландырудан өту кезінде үрлеуден бас тартып, қорғаушысын шақырып, оның қатысуында қан үлгісін ғана алғызған. Қазіргі уақытта сараптама қорытындысы күтілуде. Нәтижесімен заңды шешім қабылданатын болады»- деп ресми жауап берген.
Көлік жүргізуші құжатын бермесе ЖСН сұрап, егер ЖСН-ін айтпай қойса, автокөліктің мемлекеттік номері арқылы тексеріп, планшет арқылы қарай салмады ма және сол қауіпсіздік белдігін тақпағанын растайтын дәлелі болса онлайн айыппұлын салып жібере салмады ма — дейтін ешкім болмаса керек.  Қолында ұстап тұрған планшетке көлік номерін жазып жіберсе,  көліктің құжаттары егесі мен түгел мәлімет шыға келетін білмеген шығар. Қанша болса да ол әкім болып жұмыс жасағанғой…!
Ештеңе етпес, әкім болып жүрген жігіт полицей болу оңай деп ойлаған болса, онда шыдап көрсін. Полицейдің жұмысы оңай жұмыс емес!
Жеке тұлғаның жеке мүлкін яғни автокөлігін АПБ ауласына алып барып қойғанына, оған қоса көлік жүргізушісі спирттік ішімдік ішпегенін дәлелдеп кеткен соң, полиция қызметкерлері кешірім сұрау керек емеспе?
Енді полицейлер жауапқа тартылсын!
Ордабасы аудандық полиция қызметкерлері тоқтатқан көлік егесінің қолдарына салған жарақаттар мен бас миына ота жасалған келіншектің денсаулығына зиян келгені айтылуда. Оны дәрігерлермен тиісті органдар анықтайтын болады.
PS: Естеріңізде болса осы ағымдағы жылдың 31 шілдесінде «Түркістан облысындағы «ТОЗАҚ»» атты ақпаратты Сардар Әбдіжақия есімімен  ашылған фейсбук парақшасында  жарилаған болатынмын. Ол ақпараттың бейнежазбасы төмендегі бейнежазбада.

Ол ақпаратта, Сауран аудандық полицейлері екі азаматты ұстап, мал ұрлығында айыптап, қылмысты мойындату үшін бастарына пакет кигізіп, Сауран АПБ ішінде әбден азаптағаны туралы ақпараттан соң, полицейлер қазір уақытша қамауға алынған, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Осыдан кейін Түркістан облысында кейбір полицейлер, Жаңа Қзақатсанның емес НКВД жүйесін қолданып жүргенге ұқсайды.
Түркістан облысы
(жалғасы бар)

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?