Мемлекеттік қызметкер, Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева, шамамен 7 ай бұрын өзіне қол жұмсағаны туралы ақпараттар жарияланды. Айтуларынша, өзіне қол жұмсауына, басшылық құрамнан қысым көруі себеп болған.

Бір қызығы, басшылықтан қысым көргені белгісіз, белгілі болғаны, өзіне қол жұмсауынан алдын, ютубтағы Kritik kz каналы арқылы,  «Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мырза,
полиция саласының баспасөз қызметін осындай басшылар басқарса қоғамға қандай үгіт насихат айтып жеткізеді масқара ғой мынауыңыз, аузына ақ ит кіріп көк ит шығып жатыр. Біз ойлаушы едік полицияда салмақты өте сауатты, тәрбиесі мол басшылар жұмыс атқарады деп алайды мына сөздерді естігенде жағамызды ұстадық. Бұл сөздер әйел баласына тән нәрсе емес деп ойлаймын. Осындай қызметкерлермен қандай жаңа Қазақстан құрамыз министр мырза айтыңызшы? Әділ шешімін шығаруыңызды сұраймыз. Шымкент қаласының Мемлекеттік қызмет басқармасының бастығы Әли Көмекбаев Амантайұлы осы жағдайдың бәрін біле тұра көз жұмып қарауда.»   (интернетте жарияланған сөздер, сөзбесөз көшірілді) -деген жазбамен Мөлдір Бекееваның дауысына ұқсас нендей былапыт сөздер айтып, «Полиция Шымкент Пресс-служба Мөлдір Бекеева «Пошел нах..й» «Мал» Для МВД РК Шымкент госс-служба»— тақырыбымен дауысы жазылған видео тарайды.

 

Аталған видеодан кейін полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева, басшылықтан қысым көрдім деп, соңғы қоштасу хатын жазып таблеткалар ішкен екен.

Қазіргі таңда баспасөз хатшысы Мөлдір Бекеева қайта өз қызметіне оралған. Алайда ол департаменттің өкілі Салтанат Қаракөзованы сыбайлас жемқорлықта айыптағысы келген көрінеді, әлеуметтік желілерде жазбалар таратқаны үшін, Салтанат Қаракөзова, Мөлдір Бекееваны ҚР ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2 бөлігімен мамандандырылған аудан аралық әкімшілік сотына шағым келтірген.

Шымкент қаласы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Мөлдір Бауыржанқызына қатысты, ӘҚБтК-нің 73-3 бабының 2 бөлігімен, Шымкент қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының судьясы Н. Нышанов өндірістегі істі тоқтатты. Әкімшілік жауапқа тарту үшін мерзімі өтіп кетуі болып танылған.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?