Жоғарғы Сот Кеңесінде Сот жюриінің кезекті отырысы өтті деп мәлімдеді Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты.
Ағымдағы жылдың 24 қарашасында Жоғары Сот Кеңесі жанындағы Сот жюриінің кезекті отырысы өтті, онда жергілікті сот судьяларына қатысты тәртіптік істер қаралды.
Отырыс қорытындысы бойынша Алматы қаласы аудандық сотының судьясына ескерту түрінде тәртіптік жаза қолданылды. Судьяны жауапқа тартуға сот төрелігін жүзеге асыру кезінде заңдылықты бұзу негіз болды.
Сот жюриінің бұл шешімі заңды күшіне енген жоқ, өйткені тәртіптік жаза қолданылған судья оған Жоғары Сот Кеңесіне шағымдануға құқылы.
Сонымен қатар, заңнамада көзделген негіздер бойынша Сот жюриі аудандық соттардың үш судьясына қатысты тәртіптік теріс қылық құрамының болмауына байланысты тәртіптік іс жүргізуді тоқтатты.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?