2022 жылғы 21 қазанда ҰҚК ШҚ Түркістан облысы бойынша департаменті прокуратура органдарымен өзара іс-қимыл жасай отырып, шекарадан өтуге шектеуі бар адамдарды Қазақстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Ресей Федерациясының мемлекеттік шекарасы арқылы заңсыз көші-қон арнасын ұйымдастырумен айналысқан трансшекаралық қылмыстық топ әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шарасының нәтижесі бойынша қылмыстық топтың белсенді қатысушысы болып табылатын шетелдік азамат заңға қайшы қызметі үшін 700 000 (жеті жүз мың) теңге сомасындағы ақшалай қаражатты алу барысында ұсталды.
Шетелдік азаматқа және қылмыстық топтың басқа да мүшелеріне қатысты ҚР ҚК 394-бабы 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Ұсталған адам қамауға алынды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?