Қанша өмір сүрсеңіз де, Сіз өмір бойы оқуыңыз қажет. Біздің дәуірімізге дейінгі 4 ғасырда өмір сүрген римдік стоик-философ Луций Анней Сенеканың бұл сөздері әлі күнге дейін өзектілігін жоғалтпай отыр.
Осы іргелі шындыққа сүйене отырып, профессорлық-оқытушылар құрамы бүгін Академия қабырғасында өткен кейстер әдісіне негізделген «Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету» тақырыбында ақпараттық-әдістемелік семинарға қатысты.
Семинардың қонақ дәріскерлері Алматы менеджмент университетінің өкілдері: Педагогикалық шеберлік басқармасының директоры Арын Айжан Арынқызы мен «Халықаралық қатынастар және экономика» ББ программ-лидері Саари Даниал Борисович болды, олар семинар барысында өздерінің тәжірибелерімен және студенттерге білім берудің заманауи тәсілдерінің әдістерімен бөлісті.
Семинарда Академия спикерлері кейс-әдістің интерактивті форматын, шешім қабылдау, іс-қимыл алгоритмдері бойынша құрылымдалмаған кейстерді және тағы басқаларын көрсетті.
Жаңа үрдістен қалыспай, білімін, жеке өсуі мен кәсібилігін жетілдіру — бұл профессорлық-оқытушылар құрам үшін Академияда алдағы білім сапасын арттыру жылындағы өзгермейтін сенімі болып табылады.

Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясы.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?