Асламбек Мерғалиевтің төрағалығымен Жоғарғы Соттың жалпы отырысында «Соттардың салық заңнамасын қолдануының кейбір мәселелері туралы» нормативтік қаулы қабылданды. Бұл туралы ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
«Қазіргі заманғы қазақстандық салық жүйесіне реформалар жасалуда. Бұл ретте, негізгі бағыттар салық төлеушілерге салық жүктемесін азайту және салықтық әкімшілендіру сапасын жақсарту болып табылады. Қажетті нәтижелерге қол жеткізу тиісті құқықтық базаны жетілдіру және практикада заң нормаларын нақты сақтау арқылы мүмкін болады», — деп атап өтті Жоғарғы Сот Төрағасы А. Мерғалиев.
Жобаны таныстыру барысында Жоғарғы Соттың судьялары Нұржан Қайыпжан мен Ботагөз Ералиева оның әзірленуі мен қабылдануы істерді қарау кезінде жергілікті соттар үшін басым маңызы бар Салық кодексінің нормаларын қолдану және түсіндіру мәселелері бойынша Жоғарғы Соттың құқықтық ұстанымдарын айқындауды білдіретініне тоқталды. Онда заңды тұлғаны тіркеуді (қайта тіркеуді) жарамсыз деп тану туралы талап қоюлар, мәмілелерді жарамсыз деп тану жөніндегі салық органдарының талап қоюлары, салықтық әкімшілендірудің өзге де мәселелер қарастырылады.
Жоғары Сот органының судьялары Сәкен Абдолла мен Абай Рахметулин «Қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамасы бойынша кейбір нормативтік қаулыларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» нормативтік қаулының жобасын ұсынды. Онда Жоғарғы Соттың 20 Нормативтік қаулысы қамтылған.
Осылайша, жедел-тергеу әрекеттерін жүзеге асырудың негіздері, тінту алдында қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды ерікті түрде тапсырудың айырмашылығы неде, сақтау деген не екені, көлік құралына кіру арқылы бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау, сотталғандарға қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің түрлерін тағайындау, дәлелдемелерді бағалау мәселелері және т.б. түсіндірілді.
Нормативтік қаулылар жобаларын талқылау қорытындысы бойынша жалпы отырысқа қатысушылар оларды қабылдау үшін дауыс берді.
Жобалар туралы Жоғарғы Соттың сайтындағы «Заңнама» бөлімінен нақты білуге болады. Нормативтік қаулылардың мәтіндері Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жарияланатын болады.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?