Жоғары Сот Кеңесінің отырысы туралы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты мәлімдеме жасады.
2022 жылғы 23 желтоқсанда Жоғары Сот Кеңесінің кезекті отырысы өтті, онда сот жүйесінің ұйымдастырушылық-кадрлық мәселелері қаралды.
Отырыс барысында судьялардың Сот жюриінің судья лауазымынан ескерту, сөгіс және босату түріндегі тәртіптік жаза қолдану туралы шешімдеріне 4 шағымы және Жоғарғы Сот жанындағы Сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның судьяны басқа сотқа ауыстыру туралы шешіміне 1 судьяның шағымы қаралды. Талқылау қорытындысы бойынша Сот жюриінің барлық шешімдері негізді деп танылды, сот төрелігінің сапасы жөніндегі Комиссияның шешімі негізсіз деп танылды және жойылды.
Бұдан басқа, Кеңес мүшелері республика соттарының кейбір төрағалары мен судьяларын, оның ішінде басқа лауазымға сайлануына немесе тағайындалуына байланысты, сондай-ақ Сот жюриінің шешімі бойынша қызметтен босату туралы ұсынымдар берді.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?