Оралда 108 пәтерлі көпқабатты тұрғын үй пайдалануға берілді. Жаңа баспананың 30 пәтеріне үйлері апатты деп танылған қала тұрғындары ие болды. Бұл туралы Батыс Қазақастан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев тұрғындарды келе жатқан жаңа жылмен құттықтап, қоныс той иелеріне пәтер кілттерін табыстады.
«Мереке қарсаңында қуанышты сәт орын алғалы тұр. Апатты және тозығы жеткен үйлердің орнына «Реновация» бағдарламасы арқылы жаңа тұрғын үйлердің құрылысын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл бағдарлама шеңберінде 220 пәтерді құрайтын 28 апатты үй бұзылып, олардың орнына 13 жаңа үй салынды. Бүгін пайдалануға беріліп жатқан мына тұрғын үй аталған бағдарламаның жемісі деуге болады. Тұрғын үй құрылысы ерекше жауапкершілікті қажет етеді. Бұл үйді құрылыс компаниясы жаңа технологияларды қолданып салып, сапалы аяқтады. Осындай тұрғын үйді тұрғындарға тарту еткен «Болашақ-Т» компаниясына алғыс айтамын. Барша пәтер иелерін осынау қуанышты күнмен шын жүректен құттықтаймын!» – деді өңір басшысы.
Пайдалануға берілген 108 пәтерлі үйдің жалпы ауданы – 6469,74 шаршы метр. Мұндағы пәтерлердің 54-і — екі бөлмелі, қалған жартысы — үш бөлмелі.
«Бұрын үш бөлмелі ескі әрі апатты үйде тұрдық. Ескі болғандықтан, кәріз жүйесі жүргізілмеген еді. Бағдарлама арқылы үй сүріліп, жаңа үй салынатынын айтқанда қуандық. Қазір дәл осындай кең, жарық пәтерге ие болып, қуанып тұрмыз. Осы тұрғын үйді салуға атсалысқан барша жанға алғыс білдіремін» – деді жаңа пәтер иесі Людмила Стельмах.
Жаңа баспанаға қолы жеткен көпбалалы аналардың бірі Венера Жүсіпова тұрғындар атынан алғыс айтып, ризашылығын білдірді.
«Реновация» бағдарламасының тиімділігінің арқасында бүгін жаңа пәтер иесі атандық. Бұрын екі қабатты ескі үйде тұрсақ, бүгін көпқабатты пәтерге көшіп жатырмыз. Бұл – біздің көптен күткен арманымыз. Жаңа жылды жаңа қонысымызда қарсы аламыз. «Болашақ-Т» құрылыс компаниясына, барша септігі тиген азаматтарға ризашылығымды айтқым келеді» – деді, Нариман Төреғалиев
Батыс Қазақстан облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?