Елордада Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында қала әкімінің атынан «Қош келдің, Жаңа жыл – жаңа белес, жаңа арман» атты жаңа жылдық шырша мерекесі өтті.  Бұл туралы Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлімдеді.
Биыл Астананың бүлдіршіндері үшін қысқы мереке Қасым-Жомарт Тоқаев жариялаған балалар жылы аясында өтті.
Бұл іс-шара жыл сайын қаладағы басты жаңа жылдық іс-шаралардың бірі болып саналады. Бүгін оған 300 бала қатысты.
Мерекелік кеште Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен балаларды келе жатқан жаңа жылмен құттықтады.
«Әрбір бала жаңа жыл мерекесі қарсаңында тылсым бір ғажайыпты, ертегідей сиқырлықты күтеді. Осыған орай қала әкімінің атынан ертегі кейіпкерлері, музыкалық нөмірлері мен сыйлықтары бар концерт ұйымдастырылды. Осы мерекемен біз жетім балаларды, әлеуметтік аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан балаларды, сондай-ақ оқуда, спортта, шығармашылықта немесе қоғамдық өмірде жетістіктерге жеткен дарынды балаларды қамтуға тырыстық», – деді Есет Байкен.
Айта кету керек, биылғы шырша мерекесі заманауи технологияларды қолдана отырып, музыкалық-интерактивті шоу-спектакль форматында өтті. Іс-шара түрлі заттармен безендіріліп, түрлендіре отырып, ойын-сауық арнайы эффектілермен және лазерлік шоумен сүйемелденді. Сондай-ақ фотоға түсуге болатын арнайы орын ұйымдастырылды.
«Ұлым шырша мерекесін қатты күтті. Костюмін бірнеше рет ауыстырып, өзіне сыйлық беріле ме екенін сұрады. Бүгінгі кеш көңілімізден шықты, тек аниматорлармен ойындар болады деп ойлаған едім, ары қарай кәсіби бишілермен, тіпті опера әншісінің қатысуымен концертке ұласты. Балам көптен күткен мерекенің көңілді өткеніне риза», — деп бөлісті елорда тұрғыны Тоғжан Сыздықова.
Іс-шара соңында балаларға киімдер, тәттілер, спорттық рюкзактар сатып алу үшін сыйлық сертификаттары тапсырылды. Жаңа жыл қарсаңында аудан әкімдіктерінде елорданың бүлдіршіндері үшін шырша мерекесі өткізіледі.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?