Қазақстан аумағындағы Geely брендінің ресми дистрибьюторы, еліміздің жетекші авторетейлерлерінің бірі – Orbis Аuto тобының құрамына кіретін G Motors Kazakhstan компаниясы «Алматы театрында» Geely Monjaro премиум кроссоверін таныстырды. Бұл машина ХХІ ғасырдағы автомобиль жасаудың ең талғампаз талаптарына жауап береді: таңдамалы дизайн, қозғалысы мен жүргізудегі теңдесі жоқ жайлылық, көп функционалдылық, ең бастысы – жүргізушіге мұқият көмектесетін, жолдағы кез-келген жағдайда қауіпсіздік пен жүргізуде ыңғайлылықты қамтамасыз ететін инновациялық технологиялар.

Geely Мonjaro кроссоверінің классикалық силуэті сенімділік пен күшті бейнелейді. Автокөлік жәй ғана танымал болып қана қоймай — оның өзіндік ерекше фирмалық стилі бар. Заманауилығы мен күштің сыртқы әсері сіз рульге отырғанда және оның барлық мүмкіндіктерін премиум көліктің барлық мағынасында бағалағанда күшейе түседі.

Жаңа Geely Manjaro швед және қытай инженерлері командасымен компанияның Еуропалық ғылыми-зерттеу орталығында 4 жыл бойы өзіндік модульдік СMA архитектурасына негізделіп әзірленген. Құру процесінде үздік технологияларды қолдану жолдағы қауіпсіздік пен тұрақтылықтың керемет деңгейіне қол жеткізуге мүмкіндік берді — төтенше жағдайларда тестілеу кезінде («бұлан тесті») Monjaro люкс класты сәнді спорттық көліктермен салыстыруға болатын нәтижелерді көрсетті.

CMA платформасының қауіпсіздік деңгейі еуропалық Euro-NCAP, американдық US IIHS және қытайлық С-NCAP стандарттары бойынша максималды 5 жұлдызға сәйкес келетінін белгілеп кету маңызды. Пассивті қауіпсіздіктің ең жоғары ықтимал деңгейіне тиімді күш сұлбасы арқылы ғана емес, сонымен қатар шанақтың барлық құрылымдық элементтерінің 80% құрайтын жоғары беріктігі бар болатты қолдану арқылы қол жеткізіледі. Оған қоса, модульдік архитектура негізінде құрылған Geely Manjaro барлық қосылыстардың беріктігін 50% арттыратын терең балқытылған лазерлік дәнекерлеу технологиясын қамтиды. Ал энергияны сіңіретін жоғары беріктігі бар алюминийден жасалған арқалық апат болған жағдайда шанақтың деформациясын азайтады, сонымен қатар жүргізуші мен жолаушыларды қосымша қорғайды.

Geely Manjaro қауіпсіздіктің ең жоғары стандарттарын қолдап қана қоймай, сонымен қатар жайлылықтың премиум деңгейін ұсынады. СMA архитектурасы қалада жүруге ыңғайлы көліктің жайлы ауқымын сақтай отырып, керемет кең салон жасауға мүмкіндік берді.

Geely Мonjaro интерьері өзінің жабдықтау палитрасымен таң қалдырады: шуды оқшаулайтын алдыңғы әйнектер, жоғары сапалы материалдар, былғары және жағымды жұмсақ тері, люгі бар панорамалық шатыр, үш аймақтық климаттық бақылау, рульді, алдыңғы әйнекті жылыту, орындықтарды жылыту және желдету, көп түсті атмосфералық жарықтандыру, белсенді шуды болдырмайтын жүйе және 10 динамигі бар премиум аудио жүйе. Бұл көліктің өз жолаушыларына беретін саяхаттан ләззат алу мүмкіндіктерінің толық тізімі емес.

Екі литрлік төрт цилиндрлі турбиналық қозғалтқыш қуатты 238 а.к. дейін және 350 Н.м. дейін айналу сәтін дамытады, оны швед және қытайлық Geely инженерлері бірлесіп жасаған. Қолданылған технологиялардың арқасында бұл агрегаттың ПӘК әлемдік автоөнеркәсіптегі үздіктердің бірі болып шықты. Ауыр Geely Monjaro 100 км/сағ-қа дейін орнынан қозғалуы небәрі 7,7 секундты құрайды. Екі литрлік қозғалтқыштың осындай керемет динамикалық потенциалын есепке алсақ бұл өте үнемді – аралас циклде отын шығыны 100 км-ге бар болғаны 8,5 л құрайды.

Кез келген жолда және жолсыздықта алтыншы буынды BorgWarner интеллектуалды толық жетекті жүйесі Monjaro жүргізушісіне толық сенімділік береді. Айналу сәті автоматты түрде алдыңғы және артқы осьтер арасында 50:50-ге дейін таралуы мүмкін. Орталық консольдегі селектордың көмегімен алты қозғалыс режимінің біреуін таңдауға болады – «Жайлы», «Үнемді», «Спорттық», «Интеллектуалды», «Қар», «Жол талғамайтын». Әр режимде автомобиль рульдік басқарудың, қозғалтқыштың, беріліс қорабының және толық жетекті жүйенің жеке баптауларын жүзеге асырады.

Ал адаптивті круиздік бақылау және G-Pilot жүйесі — Geely Monjaro жабдықталған екінші деңгейдегі «ADAS» жүргізушісіне көмек көрсетудің және белсенді қауіпсіздіктің заманауи жүйелерінің бір бөлігі ғана. Олардың жұмысын 3 радар, 5 камера және 12 ультрадыбыстық бергіш қамтамасыз етеді. Осындай жүйелердің бірі — интеллектуалды круиздік бақылау -Мonjaro-ны 0-ден 150 км/сағ дейінгі жылдамдық диапазонында автоматты түрде баяулатып, жылдамдату арқылы алдыңғы көлікке дейінгі қашықтықты сақтайды. Егер жүргізуші сәл алаңдап, өзі әрекет ете алмаған жағдайда, жүйе көлікті толығымен тоқтатып, қозғалысты автоматты түрде қайта жалғастыра алады. Ұзақ қашықтыққа автомагистральмен жүру кезінде G-Pilot жүйесі басып озуды және қайта тұруды жеңілдетеді, ал трасса бойымен қозғалыс көмекшісі (highway assist) автомобильдерді біркелкі үздіксіз ілесіп жүру, жолақтың ортасымен жүру және ірі көліктерден алыстау сияқты функцияларды жүзеге асырады. Соқыр аймақтарды бақылайтын (BSD) айналаны толық шолу, фронтальды соқтығысудың алдын алу жүйесі (CMSF), қозғалыс жолағын басқару (LKA), тежегіш күштерін үлестіру жүйелері, түсу кезінде жылдамдықты сақтау мен көтерілу кезінде көмектесу және басқа да ақылды функциялар ең қиын сапарды жеңілдетіп қана қоймай, ең бастысы — тіпті ең қиын жол жағдайларында да қауіпсіздікті әлдеқайда арттырады.

Максималды жайлылық, қуат, қауіпсіздік, үнемділік – осының бәрі автомобиль тұжырымдамасының негізі. Ол озық инновациялық шешімдердің синтезі мен әр жүйенің жұмысының ойластырылған логикасына негізделген.

«Алматы театрында» модельді таныстыру аясында өнер мен шынайы жайлылықты бағалаушыларға Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры труппасының балет қойылымы ұсынылды. Бұл іс-шараның рухына әбден сәйкес келеді: Monjaro расында асқан сұлулықты  нағыз бағалай алатындар үшін жасалған.

«Geely Monjaro — бұл үлкен кроссоверлер класының ең озық заманауи өкілдерінің бірі, тіпті әйгілі әлемдік бренд сыныптастарынан жабдықтау мен жайлылық деңгейі бойынша да, қауіпсіздік, сенімділік, үнемділіктің жоғары қуатпен үйлесуі жағынан да айтарлықтай озып кетті. Қазақстандық автокөлік жүргізушілері бұл көлікті күткенін білеміз, міне, ол ақыры осында. Қазақстандық сатып алушылар елімізде сатылатын Geely модельдерінің – Coolray спорттық кроссоверінің, Azkarra технологиялық әмбебап кроссоверінің, Тugella купе-кроссоверінің технологиялылығын, инновациялық әлеуетін және мүмкіндіктерін бағалады. Енді біздің флагман — Monjaro-ның жоғары сатылымын күтеміз. Ағымдағы жылы біз Monjaro-ның кем дегенде 750 автомобилін  сатуды жоспарлап отырмыз, ал Қазақстанда Geely–дің 2023 жылға арналған жалпы сату жоспары аталған барлық модельдердің 4000 бірлігін құрайды», — деп айтып өтті G Motors Kazakhstan компаниясының директоры Виктор Нестеров.

Өз кезегінде Орталық Азиядағы Geely Auto International Corporation өкілі Ян Кай жоғары технологиялылықты, сенімділік пен автомобиль индустриясының ең озық талаптарына сәйкес келуге ұмтылысты біріктіретін марканың жоғары әлеуетін ерекше атап өтті.

 «Біз қазақстандық тұтынушылардың Geely-дің жайлылығы мен сапасын жоғары бағалайтынына қуаныштымыз. Geely соңғы бес жыл ішінде Қытайдың өзінде қытайлық автобрендтер арасында сатылым бойынша көшбасшылық позициясын сақтап келе жатқан екенін ескерсек, бұл орынды. Brand Finance беделді рейтингінің бағалауы бойынша, 2021 жылы Geely Holding Group брендтің ең жоғары жиынтық құны бар әлемдегі ең үздік автомобиль тобының ондығында тоғызыншы орында болды. Айта кету керек, бүгінде бұл беделді рейтингтегі жалғыз қытайлық автомобиль компаниясы, бұл оның өнімдерінің сапасын әлемнің жетекші автобрендтерінің деңгейіне сәйкес деп тануын білдіреді. Міне сондықтан біз үлкен жоспарлар құрудамыз, соның ішінде Қазақстанда сатылымға да. Monjaro-ның барлық қазіргі және болашақ иелерінің өз таңдауларына сенімді болуға барлық негіз бар, Monjaro – бұл әлемдік автомобиль индустриясындағы өнер туындысы», – деді Кай Ян мырза.

 Қазіргі уақытта Geely маркалы дилерлік орталықтар Қазақстанның жеті қаласында – Астана, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Қостанай, Өскемен және Атырауда жұмыс істейді. Ағымдағы жылдың соңына дейін Orbis Auto тағы төрт орталықты – Павлодар, Ақтөбе, Ақтау және Орал қалаларында ашуды жоспарлап отыр.

Дистрибьютордың хабарлауынша, Geely Monjaro бағасы Premium жиынтығында 21 990 000 теңгені, Flagship жиынтығында – 22 990 000 теңгені құрайды.

Алматы қаласы, 13 сәуір 2023 ж.

 

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?