Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өтіп жатқан Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионатында спортшы қызымыз Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Елордалық Жәмилә Бақбергенова (72 кг) ақтық сында жапониялық Сумире Никураны сенімді ұтып, Азия чемпионатында топ жарды. Ол сары құрлық бəсекесінде 3 мəрте жеңімпаз атанған тұңғыш қазақ балуаны атанды. Отандасымыздың еншісінде Азия чемпионатының 5 медалі (3 алтын, 1 күміс, 1 қола) бар.
Спортшы қызымыз ширек финалда тайбэйлік Пинг Цен Хонгты, жартылай финалда моңғолиялық Даваанасан Энкх Амарды таза ұтқан болатын.
Елорда әкімдігі сізді айтулы жеңісіңізбен құттықтап, алдағы уақытта да үлкен жеңістер мен табыс тілейді!
Азия чемпионатындағы жеңісіңіз арқылы сіз еліміздің мерейін тағы да үстем етіп, жанкүйер қауымға зор қуаныш сыйладыңыз! Өскелең ұрпаққа шыдамдылық пен жеңіске деген ерік-жігердің ерекше үлгісін көрсеттіңіз.
Осындай жоғары нәтижеге қол жеткізуге елеулі үлес қосқан жаттықтырушылар құрамына алғыс білдіреміз!
Естеріңізге сала кетейік, Астана қаласындағы Ж.Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында Грек-рим, еркін және әйелдер күресінен Азия чемпионаты өтіп жатыр. Дүбірлі додаға сары құрлықтың 24 елінен 400 палуан қатысып отыр. 6 күнге созылатын жарыста жалпы есепте 30 салмақ дәрежісінде жеңімпаз бен жүлдегерлер анықталады. Күрестің әр түрінен 10 медаль жиынтығы ойнатылуда.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?