Абай облыстық сотында облыстық соттың төрағасы Қайрат Чақпантаевтың төрағалығымен «Есірткінің заңсыз айналымы: проблемалар және оларды одан әрі шешу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Нұролла Есенжолов, облыстық соттың судьялары, қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының, Семей қаласының No2 сотының төрағалары мен судьялары, прокуратура органдарының басшылары, полиция департаменті және басқа да құқық қорғау органдарының өкілдері, облыстық алқасының адвокаттары қатысты.
Отырыста облыстық соттың төрағасы Қайрат Чақпантаев талқыланып жатқан мәселенің өзектілігіне тоқталып, синтетикалық есірткіні тұтынудың, оның ішінде жастар арасында өсу қаупін атап өтті
Әсіресе, соңғы жылдары айналымнан алынған «синтетика» көлемінің 10 есеге артқаны ерекше алаңдатады. Сонымен қатар, қарқынды дамып келе жатқан технологиялық инновациялар мен әлеуметтік желілердің қолжетімділігі мен кең таралуы есірткінің әлемдік ауқымда нарыққа таралуына кедергісіз жол беретіні талқылау барысында атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар туындаған проблемаларды талқылай отырып, есірткінің заңсыз айналымына қатысты қылмыстардың орбитасына қатысы бар тұлғалардың алдын алу, тергеу және қылмыстық жауапкершілікке тарту саласындағы құқық қорғау органдарының өзара іс-қимылы бойынша бірқатар тапсырмаларды қарастырды.
Сондай-ақ, жиын аясында оған қатысушылар өңірде есірткінің барлық түрлерін заңсыз тарату фактілерін анықтау және жолын кесу бойынша жұмысты жандандыруға бағытталған бірқатар нақты ұсыныстар әзірледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?