Қазақстан Республикасының ҰҚК Шекара қызметі Мемлекеттік шекараны күзету бойынша күшейтілген жұмысты жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
2023 жылдың басынан бері шетелдік (Үндістан, Нигерия, Тәжікстан, Өзбекстан және Ресей) және Қазақстан азаматтары жалған және өзгенің құжатын қолдануының 99 фактісін анықтады.
Шекаралық аймақта 4 238 шекара режимін бұзушы ұсталды, 1,9 млрд теңгеге жақын сомадағы валюта, алтын және басқа тауарлардың тасымалдануына жол берілмеді.
Қару мен оқ-жарақты өткізудің 66 әрекетінің жолы кесілді. Заңсыз миграцияның 4 арнасы бейтараптандырылып, бұл қылмысқа қатысы бар 6 адам ұсталды.
Ұсталған құқық бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаралар қабылданды.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?