Антикор Қызылорда білім беру саласында миллиондаған жымқыру фактісін анықтады. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мәлімдеді.
Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚК-нің 189-бабы 4-бөлігі, 2-тармағы бойынша Жаңақорған аудандық Білім бөлімінің басшысы мен бухгалтеріне қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр.
Олар білім беру мекемелерінің қызметкерлері болып табылмайтын тұлғалардың есеп-шоттарына еңбекақы түріндегі ақшалай қаражатты аудару арқылы 543 млн теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.
Қызылорда қаласының мамандандырылған тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.
Қылмыстық процестік кодексінің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Сонымен бірге, Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және қылмыстық-прцестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрқайсысы кінәсіз деп есептеледі.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?