Полиция қызметкерлерінің мәртебесі туралы

Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне

Ұ С Ы Н Ы С

Құрметті, Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаттары!

Тек Қазақстан Республикасы аумағында ғана емес, жалпы әлем бойынша полиция қызметкерлерінің орны бөлек, әрі маңызды екенін бәріміз білеміз. Алайда біздің мемлекетте полиция қызметкерлерінің еткен ерен еңбектерін жоққа шығарып жатқан адамдардың жазбалары мен пікірлерін, жалпы полиция атауына сын көп екенін көріп, оқып  жүрміз. Қазіргі таңда телефон ұстағанның бәрі полицияны бейнежазбаға  түсіретін, полицияны аңдып жүретін, полицияны жамандап әлуеметтік желіде қасақана қаралап, қорлап, былапыт сөздерге көметін белсенділер тым көбейіп кетті.

Арнайы антиполиция секілді погондылардың артына май шам алып түскен сауатсыз, өзі заңды білмейтіп, жәй жұмысында жүрген полицейлердің қызметіне кедергі болып, полиция қызметкерлерін қызметтік күәлігін сұрап, олардың құжаттарын зерттейтін белсенді сарапшы, заңды білмейтін заңгерсымақтармен  белгісіз блогерлер бүгінгі таңда жетерлік.  Полиция заң мен қорғалған дейтіндеріңіз айдай анық, алайда сол заңмен қорғалған полиция қызметкерлерінің мәртебесін, абыройын, қадір-қасиетін қорғай алмай жатқан жоқпызба?

Полиция қызметкерлеріне қол көтерген  немесе балағаттаған жағдайда ғана оларды заң қорғайды, алайда әлеуметтік желілерде провакациялық мақсатта түсріліп таратылған, ел арасында Қазақстан полициясының атын қаралап, елге жексұрын етіп жатқан теріс, жалған, бейресми ақпараттардан заң қорғап ала алмай жатыр деп санаймын.

Полиция туралы оң ақпараттар халық тарапынан жоқтың қасы, неге?

Полиция  қызметкерлерінің атқарып жатқан жұмыстары оңай емес! Елден жағымды сөз естімейтін, еңбегі зор полицей қызметінің еңбегі, министрлік пен үкімет тарапынан мадақталғаны мен, халық тарапынан мазаққа айналып  жатыр.  Бұның себептерінің бірі, полицияны аңдып, оларды бейнежазбаға түсіріп, олардың сөзінен жаңылыстырып кемшілік іздеп, соны интернетке монтаждап, қаралау мақсатында жариялайтын, еш жерге тіркелмеген бейресми ақпарат таратушы белсенді, заң білгішсымақтардың әдейі жасап жатқан  қастандығы!

Осы аталған «полицей мәртебесі» туралы ұсынысқа да  халық сын садағын жаудырып қана қоймай, тіпті боқтау гранатасын лақтыратындар табылады.

Енді «ешкі» ге теңеп полициямызды  қаралап,  лезде таралатын әлеуметтік желілерде  бейресми ақпарат таратып жатқанымызда, өзге мемлекеттегі қасгөйлер мен провакаторлар біздің мемлекетті, біздің полицейлерді масқаралап ақпарат таратып, өз елімізді өзімізге, өз полицейлерімізді  бізге  жамандап  ақпараттар тарата бастады.  Бірі білсе, бірі білмейтін желі қолданушылары жариялаған ақпараттардың анық-қанығына көз жеткізбей полицияға деген көз қарасы теріс қалыптасып жатыр. Әлеуметтік желіні ашып қалсаңыз, 99,9 пайызы полицейлерді қаралау.  Ең өкініштісі, еңбек бағаланбағаны. Жан күйдіріп  жұмыс жасап жатқан полицейлеріміз, өзі туралы жаман пікірлер мен қаралау,, қорлау сөздерді  интернетте оқып, естіп  отырған соң қалай жұмыс жасасын?

Қашан біздің мемлекетімізде полицияға деген сүйіспеншілік, арқа сүйеп, полицияға алғыс айтатын, «менің полициям» деген күндер туады?

Өзімізде жасап жатқан еңбегімізге моральдық қолдау көрсетіп, шабыт сыйлайтын «бәрекелді», «тамаша», «рахмет»  деген сөздерді естісек қандай қуанып,  жасап жатқан жұмысымызды артығымен ризашылықпен орындаймыз емеспе?

Сол себепті полицейлерге қолдау көрсетіп, оларды қайраттандыратын мүмкіндіктерді  жасауымыз керек және «полиция мәртебесі» туралы заң міндетті түрде қажет деп санаймын!

Барлығымызға белгілі, қанды қаңтар оқиғасында қандай күй кештік. Қанды қаңтардағы қиын кезеңде денесінен  қан сорғалап қырғын болып жатқан уақытта, өз өмірлерін өлімге қиып, антын бұзбай өз елінің, халқының тыныштығы, қоғам тәртібі үшін алаңда араша болып жүргенде осы біздің полицейлеріміз!

Айтқаннан аулақ, қанды қырғында орын алған террористердің ланкестік әрекеттер жасаған қасгөйлер, бейбіт халыққа жаппай оқ атып, өлтіріп, әйелдерімізді зорлап, балаларымызды қырып жатса қайтер едік?
Оққа ұшып, аман қалған, әр түрлі дене жарақатын  алған  полицейлер, қызметтік көліктері өртке оранып жатса да, халықтың амандығын сақтау үшін, өздерінің  анттарын бұзбай  жан таласып, террорлық әрекеттермен күресті. Күн суық, далада қар, түтіннен көзім ашып кетті, немесе, ұйқым келді, қарным ашты- деп қашып кеткен жоқ.
Бір мысал, полиция қызметкерлерін ел арасында ешкіге теңеп, мазақтап жатады. Ғаламторда халықтың пікіріне көз жүгірте қалсаңыз, жаппай полицияны жамандау, елдің наразылығы мен өкпесі жазылған жазбаларды  оқитынымызды жоққа шығармайтын  шығарсыздар құрметті депутаттар!

Алайда, айтқаннан аулақ, қызымызды біреу зорлап кетсе, баурымызды өлтіріп кетсе, жол апатына түсіп қалсақ, үйімізді тонап кетсе, баламызды бұзақылар ұрып кетсе, (т.б.) бізге бірінші болып көмекке келетін сол «ешкі»,  «жаман» полицейлер жедел жетеді, араша түсіп, қорғанымызға айналады. Сол жаман полицейлер өзіміздің баурымыз, ағамыз, әкеміз, балаларымыз екенін ескеріп, өз полициямызды құрметтей білейік деген басты мақсат.

Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 199-V ҚРЗ қабылданған Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы заңына қосымша «полиция мәртебесі» туралы заңын еңгізуді ұсынамын.

Сардар Әбдіжақия

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?