Жалпы мемлекетіміздегі сот медициналық сараптамалары ғимараттарының сын көтермейтін һәлде екені туралы заңгер Сардар Әбдіжақия «Мәйітханалармен сот медициналық сараптамаларының  ғимараттары туралы» Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісіне ұсыныс жолдауының арқасында бүгінгі таңдағы сот сарапатамасы ғимараттарының һәлі белгілі болып, бір қаншама өңірлерде сот сараптамасы ғимараттары жаңаратыны туралы Сардар Әбдіжақия ресми мәлімдемесі мен бөлісті.

«Қазақстан Республикасы Әділет департаментінің сот сараптамалары  орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны,  Шымкент қаласы, Алматы қаласы,  ШҚО, Жамбыл облысы, Алматы облысы, Қостанай облысы, БҚО, Ұлытау, Абай облыстары, Жетісу облыстары ғимараттары бүгінде талаптарға сай ғимарат салуды қажет ететінін мәлімдеді.

Жергілікті мемлекеттік органмен  қазіргі таңда сот-сараптама саласының инфрақұрылымын жаңғырту және жетілдіру бағытында өңірлерде жұмыстар атқарылып жатқаны және  сот сараптамалары ғимараттарының басым бөлігі 60-80 жылдарды салынған ғимараттар екені белгілі болды.    Сардар Әбдіжақия өзінің ұсынысында  атап өткен Түркістан облысы Шардара ауданы мәйітханасына аудандық аурухананың баллансында 2020 жылы ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілгені , алайда қажетті қосымша құрал-жабдықтар алу мәселесі  күн тәртібіне енгізілгені мәлім болды.

     «Шымкент қаласы сот сараптамалар ғимараты бойынша жергілікті әкімдікпен жаңа ғимарат салу бойынша жобалау – сметалық құжаттары әзірленуде. Ағымдағы жылдың 24 мамырында Әділет вице-министрі Б.Молдабековтың Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Е. Нұрсадықпен кездесуінде ауданы 3000 ш.м. болатын Сот сараптамасы үшін  Сот медицинасы ғимаратын қайта жаңарту жобасы келісілді, бұл мәселе әкімдіктің қарауында-деп мәлімдеді, «Қазақстан Республикасы Әділет департаментінің сот сараптамалары  орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнындағы департамент басшысының міндетін уақытша тқарушы Д. Нарымбетов.

Келесі Жетісу облысы Талдықорған қаласындағы мәйітхана бойынша ғимарат 1981 жылы салынған. Талдықорған қаласындағы мәйітхана ғимараты  күрделі жөндеуді қажет етеді. Талдықорған қаласының әкімдігі мәйітхана ғимаратын ағымдағы жөндеу құрылысы құнының сметалық есептеуін жүргізді. Қазіргі уақытта мәйітхана ғимаратына өз қаражаты есебінен ағымдағы жөндеу жүргізілуде екенін жеткізді.

Бүгінгі таңда сот сараптамасы органдарын дамытудың негізгі мәселелерінің бірі инфрақұрылымды жаңғырту және жетілдіру, сот сарапшыларын арнайы стандарттар мен талаптарға жауап беретін қызметтік үй-жайлармен қамтамасыз ету болып табылады делінген хабарламада.

«Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?