Сот қаңтар оқиғасына қатысты іс бойынша үкім шығарды. Бұл туралы Жамбыл облысыныңТараз қаласы № 2 сотының баспасөз қызметі
Тараз қаласы №2 сотында адамдар тобының алдын-ала сөз байласуы арқылы қаруды жымқыруға айдап салу; сондай-ақ адамдар тобымен алдын ала сөз байласуы арқылы қаруды, оқ-дәрiлердi сақтау, тасымалдау (ҚК-нің 28б. 4б., 291б. 3б. 2т., 287б. 4б.) бойынша айыпталған сотталушы С.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.
Сотпен не анықталды:
Сотталушы С. 2022 жылы 5-қаңтардан 6-қаңтарға қараған түні Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздіктердің болып жатқанын пайдаланып, Б. және Ә.-мен (бұрын сотталған) бірге ІІД-нің ғимаратына заңсыз кіріп, 2 «АКС» автоматы мен оқ-дәрілерді жымқырған.
Сонымен қатар, қорқыту арқылы қаруды жымқыруға тікелей С.-ның айдап салғаны, кейіннен қаруды өзінде сақтағаны анықталды.
Кінә іс бойынша жиналған дәлелдемелермен: ІІД өкілінің, куәлардың айғақтарымен, сараптама қорытындыларымен, жасырын тергеу әрекеттері материалдарымен және айғақ заттармен дәлелденді.
Тараптардың позициясы:
Прокурор сотталушыға қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындауды, «Рақымшылық туралы» Заңын қолданумен түпкілікті 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Жәбірленуші өкілі жаза тағайындау туралы мәселесін соттың қарауына қалдырды.
Сотталушы кінәсін мойындаған жоқ, өзін ақтауды сұрады.
Сот шешімі:
С.-ның жасаған әрекеттері ауыр қылмыстар санатына жатады және оларды жасағаны үшін 8 жылға және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазалары қарастырылған.
Жаза тағайындау кезінде сот, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ.
Ауырлататын мән-жай ретінде сот төтенше жағдай кезінде, сондай-ақ жаппай тәртiпсіздіктер барысында қылмысты жасағанын таныды.
Осыны ескере отырып, С.-ға қылмыстардың жиынтығы бойынша 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындалып, ҚАЖ-нің қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде өтеу белгіленді.
ҚР «Рақымшылық жасау туралы» Заңының 3-б. 3-б. сәйкес, жаза мерзімі 3/4 бөлігі қысқартылып, түпкілікті 1 жыл 9 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?