Шымкент қаласы полиция департаментінде, көлік ұрлығы бойынша құрықталған екі жігіттің ісіндегі полиция қызметкерлерінің іс-әрекеті, Шымкент қаласы қылмыстық істер бойынша аудан аралық сотының судьясы Светлана Шыналиева үкім оқыды. Құрықталған екі жігіттің бірі, Қостанайлық Н. Жұмабаевтың департамент ғимаратындағы 507 кабинетте жан тапсырғаны туралы оның қоғамдық қорғаушысы Шакизада Жәнібекова жағасын ұстап судьяның қабылдаған актісіне наразылығын білдіріп отыр.

Айыптаушы тараптың уәждерін ел естіген шығар. Ал сотталушы тараптың уәждері мен айтары бар екенін ескеріп, тыңдап көруді жөн санадық. Елорда төрінде ҚР Президенті аппаратында жеке қабылдауда болып шыққан Шакизада Жәнібекованың айтуынша жәбірленуші марқұм Н. Жұмабаев, Уалихан Жәнібековтың 508 кабинетінде өлмеген, ол кабинеттен аманесен, өз аяғымен шыққан. Резонанс іс болғандықтан, елді тыныштандыру үшін асығыс қамап, артынан тергеушілер айыпты жалған түзген, деп сынды уәждерін жеткізді. Біз «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі сотталған Уалихан Жәнібековтың қоғамдық қорғаушысын сұхбатқа тарттық.

— Шакизада әпке, өткен жылы аты-шулы іс бойынша Қостанайлық жігіттің полиция департаментінде қайтыс болғаны туралы ел арасында резонанс тудырған ақпарат кеңінен таралды. Сіздегі уәждерді тыңдап, бейнежазбаларды қарасақ, сіздің күйуіңіздің 508 санды кабинетінен жәбірленуші Н. Жұмабаев өз аяғымен емінеркін жүріп шыққанына көз жеткіздік. Ал Жұмабаевтың өлі денесі 507 кабинетінен табылады. Енді сіздің күйеуіңіздің кабинетінде өлмесе де, сот үкімі сіздің күйеуіңізді айыпты деп танып отыр, айтып беріңізші?

Жаңа сіз өзіңіз айтып кеткендей менің күйеуімнің қызметтік бөлмесі 508 нөмірлі бөлмеден Жұмабаев Нұрболат марқұм өз аяғымен аман-есен, сап-сау шыққан. Оның дәлелі ретінде бейнежазба және сараптама бар. Видеода анық көрініп тұр қалай өзі жүріп кетіп бара жатқаны. Алдында СОБР қызметкерлері Жұмабаевтың басына куртка жауып, қолы кісенде, еңкейтіп жүгіртіп кіргізіпшығарып жүрді кабинеттерге. Ал Жәнібековтың кабинетінен шыққан кезде, ол өзі есікті ашып, без соправаждения спецназа өзі шығады. Жанында Абдирахманов Еркеғали деген полиция қызметері ертіп шыққан. Жумабаев іште отырғанда Жанибеков екеуі жақсы сөйлескен содан ол көмектесесізбе, қарындасым Қостанай қаласында, полицияда ЦОУ қызметкері болып жұмыс жасайды, оған кесірім тиіп кетпесін-дейді. Жарайды, бәрін айтып берсең көмектесемін- дейді. Сосын Абди рахманов кабинетке кіргеннен кейін Жәнібеков айтады, бұл жігіт бізге қылмысты ашуға көмектесемін деп келісті, тергеушілерге ертіп бар деп жібереді.

— Кешіріңіз, сөзіңізді бөлгеніме айып етпеңіз. Сіздің күйуіңіз У. Жәнібеков, Жұмабаевқа қылмысты ашуға көмектессең, саған жеңілдік боладыдеп атады ия?

Қылмысты ашуға көмектессең деп айтады. Өйткені Жәнібековтың қолында, олардың түнімен машинаны айналшықтап жүрген видео тұрған. Сол видеоны көрсеткенсоң, ол жігіт біздің артымыздын әбден жұмыс жасапсыздарғой. Жарайды, мен көмектессем жеңілдік жолын көрсетесізбе, деп көмек сұрайды. Өзі онсызда УДО да, пробацияда жүрген. Әрі қарай жағдай қиындап кетпеу үшін көмек сұраған. Петров екеуіде қамалып шыққанғой. Ол екеуі түрмеде отырған кезде танысқанын айтып берген, түрмеден шыққан соң Петров тауып алған екен Жұмабаевты.

— Сонымен күйеуіңіз, егер қылмысты ашуға көмектессең мемлекеттен жеңілдіктерді көрсетеміз деген?

Сосын оны тергеушіге жібереді. Кабинеттен шығып кеткен. Болды, содан кейін менің күйеуім мүлдем өз кабинетінен шықпаған.

-Тергеуші қай кабинетте екенін білесізбе, қайтыс болған кабинет емеспе?

Оны білмеймін. Тергеушілер 3 кабатта отырады. Абдрахманов оны 3- қабатқа алып бармай, дәліздің басындағы 505 кабинетке алып кіреді. Ол жерде 6-7 минуттай болады да, есігі құлыптаулы тұрған 507 кабинетті Жұмабай Нұрсұлтан ашып, 9 полиция қызметкерлері күдікті Жұмабаевты алып кіреді сол жерге.

— Кім алып кіреді білесізбе?

— Видеода көрініп тұр спецназ алып кіреді. Бәрі сол кабинетке жиналады.

— Сол 507 кабинетке кірген полицейлер видеода барма?

Анық көрініп тұр. Фамилиялары мен айтып бере аламын: Султан Даурен, Жұмабай Нұрсұлтан, Абдирахманов Еркеғали, Құатов Малик, Қаипов Ерлан және Жарылқасын Әсет.

— Қанша полиция қызметкері кірген ол жерге?

9 полиция қызметкері кіріп ішінен есікті 30минутқа құлыптап алады. Жұмабаев қайтыс болғансоң есікті бірақ ашқан.

— Екінші күдікті қайда болған ол кезде білесізбе?

— Екіншісі басқа кабинетте болған.

— Енді 507 кабинетте өлді де, міне сізбен сұхбаттың алдында қаншама рет сөйлестікқой, сіздің айтуыңыз бойынша 9 полиция қызметкерлерінің, ішінен 3 полиция қызметкері сот үкімімен қамалды, алтауы қазір қызметтерін жасап жатыр, яғни бостандықта жүр.

-Қазір алтауыда қайтып жұмысына оралып, түк болмағандай жұмыс жасап жүр. Олар қайта осындай қылмыс жасамауына кім кепіл?

— Осы өлген уақыттан бастап, сізге белгілі болған соттағы жағдайды толықтырып айтып беріңізші, Бір кабинетте 9 полиция болып, оның 6-уы айыпсыз болып, Жұмабаевты ұрмағанын немен дәлелденді, 3-еуі айыпты деп делінгені немен дәлелденді?

— Бұл жерде екінші күдікті болды, Петров Сергей деген. Ол екі рет қамалып шыққан «тонау» бойынша. Одан бес рет жауап алады. Ол бес жауабын бес түрлі береді. Әр дайым жауабын өзгертіп отырады.

— Тергеу барысындағы жауаптарма?

— Тергеу барысындағы жауаптар. Тергеу барысындағы бірінші берген екі жауабы 2 — түрлі болғаннан кейін. Тергеушілер депонирование өткізеді берген жауабын нақтылап алу үшін.

— Әр терегуде қылмыстық іс бойынша мемлекеттік органдарға берілген күәлік, немесе ақпарат, жауаптары, ҚР ҚК-нің 419- бабы бойынша оның жауапкершілігі ескертіледі. Сол бойынша ара көрілді ме, әр түрлі жауап бергені үшін?

Петров әр жауабында 419 бап бойынша қол қойып сосын барып жауап беріп отырған. Тергеушілер ескертіп қол қоғызып алған. Бірақ ешқандай шара қолданбады. Петровтың берген әртүрлі және жалған, дәлелсіз жауаптарына сеніп менің жұбайымды қамап отыр.

— Ал енді әр түрлі жауаптары сот іс-материалдарына берілдіме, әлде бір жауабы ғана ұсынылдыма?

— Ия сотта да жауаптарын зорға жинақтап отырды. Неге жауаптарың өзгеріп отырған десе , мен солай ойладым, -маған солай көрінді деп жауап берді.

— Судья әр жауаптардан танысқой ия?

— Ия, әрине, бәрін естіп отырды.

— Жарылқасын Әсет деген кім, лауазымы қандай?

— Ол УКП-ның опері, олда 507 кабинетіндегі 9 полицейдің ішінде болған. Ең баста ұстау кезіндеде, «Жеті тандыр» да Петровты тебеді. Сосын тану кезінде де Петров, Жарылқасын Әсетті танып тұр. 505 кабинетте де Өткіров ұрды дегенде Жарылқасн Әсет бар деп тұрған. Неге екені белгісіз бәрін жоқ қылып жіберді да, Жарылқасын Әсет бостандықта жүр. Олда үлкен сұрақ болып тұр. Ол туралы Әсия өз сұхбатында айтып береді. Ол туралы біледі бәрін.

— Сол кабинетте марқұмның өлгеніне байланысты, сіздің қолыңыздағы скоч туралы суреттер срапатмалары бар деп жатырсыз ия. Біз көрген скотчтар неге пайдаланылған және сол суреттер соттағы іс-материалында барма?

Скотчты Қуатов Малик алып келеді. Ол Қаратау ауданының опері. Оны кім шақырғанын өзі жауабында айтқан. Исаев Дінмұхаммед өзінің бастығы шақырды деп тұр.

— Исаев олда Қаратау ауданынікі ме?

Ол Қаратау аудандық КП-ның бастығы. Өзінің қол астындағы оперді, күдіктілер ұсталды кел деп шақырады. Өзі айтып тұр, оны өз жауабында. Видеода анық көрініп тұр 16:26 минут өткен кезде КПдан өтеді, қолында сары түстегі қоқысқа арналған пакет басы жиырылатын. Жанында жалпақ скоч шамамен 12 см- лік скоч. КПдан кіргеннен бастап, 507 кабинетке дейін келегні 4 видеода анық көрініп тұр. Дәліз бойын да, 507 кабинетке кіретін жерде де скотч алып келе жатқаны көрініп тұр. Ол жігіт скотч алып келе жатқан кезде Сұлтан Дәурен дәлізде тұрған. Қуатов Малик 507 кабинетке кіріп кетеді, кейін артынша Сұлтан Дәурен, ЕркеғалиАбдирахманов кіреді, ең соңында Жарылқасын Әсет кіреді. Сөйтеді да есік ішінен құлыпталады 30 минутқа. Оған дәлеліміз видеодан анық көрініп тұр. 2 собрдың сотруднигі, 3 полиция қызметкерлері есікті тақылдатып, есіктің ручкасын басып көріп, кейбіреулері есікке құлақтарын қойып тыңдайды. Не үшін тыңдайды, бір дауыс шығып жатқан шығар білмеймінғой, видео дауыссыз. Енді мимикалары мен анық көрініп тұр. Олардың бәрінен сотта сұралды. Еш қайсысы ештеңе естіген жоқпыз дейді. Бірақ Тасанов Қайрат деген полиция қызметкері, тыңдап болып өзінің кабинетіне қайтады. Ертесіне азанда жұмысқа келгенде, өзінің қасында отырған жігіттерге айтыпты 507 кабинетте күдіктіні ұрып жатыр, дауысы шығып жатыр деп. Оны естігенадам сотта келіп күәлік етіп, айтып кетті.

— Сол Тасанов деген кісі сотта келіп күәлік етті ме?

Ия келді, бірақ айтпады қорқып. Ал келген күә кінәлі емес адамдар не үшін кету керек айтамын деп, сотқа келіп күәлік беріп кетті, Тасановтан естідім деп.

— Демек сіздің, біздің пайымымыз бойынша жалпы мынау ақпараттардан кейін түйген ойымыз, скотчпен азаптаған, қинаған, ұрған, 507 кабинетте 9 полиция қызметкерінің қатысуымен болған. Сіздің күйеуіңіздің кабинеті бөлек, яғни Уалихан Жәнібековтың. Ол кісінің кабинетінен Жұмабаевтың өз аяғымен шыққан видеосын көрдік. Енді сот не айтты, 508 кабинеттен сау шықса, 507 кабинетте сіздің күйеуіңіз У. Жәнібеков болмаса, қалай сіздің күйеуіңіз қамалып кетті?

Жалғасы бар.

Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?