Қазақстаннан қажылық сапарға баратындарды алдаған туристік фирма директоры сотталды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Шымкент қалалық сотының  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында Қазақстаннан қажылық сапарға бармақ болғандарды алдаған «Kausar Travel» туристік фирмасы директорына қатысты , жәбірленушілердің арызы негізінде тергеу органдары тарапынан сотталушыға ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігінің 1), 3) тармақтарымен (ақпараттық жүйені пайдаланушыны алдау жолымен екі немесе одан да көп адамның мүлкін ірі мөлшерде жымқыру) айып тағылып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары ақталып, прокурор келімі мен қылмыстық іс сотқа жолданған.
Сотта отырысы барысында, «Kausar Travel» туристік фирмасы директоры, «Instagram» әлеуметтік желісі арқылы 245 жәбірленушіні Сауд Арабиясы Корольдігіне «Ұмра» қажылығына бару үшін туристік жолдамаларды рәсімдеп беремін деп алдап айтып, олардың жалпы 255 млн. астам теңге қаражатын иемденгені өз дәлелін тапты.
Аталған қылмыстық іс бойынша мемлекеттік айыптаушы прокурор, сотталушыға 4 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот,  сотталушы  «Kausar Travel» туристік фирмасы директорын «М.» есімді азаматтың  алаяқтық жасауда кінәлі деп танылып, оған 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және туризм саласындағы қызметпен айналысу құқығынан 5 жыл мерзімге айыру түріндегі қосымша жаза тағайындады.
Жәбірленушілердің талап арыздары бойынша, жалпы 225 млн. теңге өндіру талабы қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?