10 миллион гектар ауыл шаруашылық мақсатындағы жерді мемлекетке кайтардық!- деп, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақытжан Базарбек, өзінің фейсбук парақшасында мәлімдеді.
Бүгін, Жер ресурстарын басқару Комитеті төрағасы Murat Baritovich Temirzhanovпен кездесіп, жалпы мемлекетке кайтарылған жерлерді жалпы санағына қорытынды жасадық! Менде, Мұрат Баритұлы да «Жер аманаты» Республикалық жер комиссиясының төраға орынбасарымыз!
Жалпы, мемлекетке кайтарылған ауыл шаруашылық мақсатындағы жердің саны 2022 жылдың маусымынан бастап 10 миллион гектар жерге жуықтапты. Бұл үлкен нәтиже, қажет болса Президенттің тапсырмасының толық орындалғандығының айғағы.
Әрине, Назарбаев дәуірінде заңсыз жерлерді иеленіп алып, қонышына басып алған бұрынғы шенеуніктер мен олигархтар бостан бос жерлерді бермейді, колынан келсе бізге қоқанлоққы жасауға тырысады.
Менің үйімнің алдында коляскамды жағып жіберіп мені бейресми солай ескертуге тырысса, анау оңбағандар Мұрат Баритұлын күнделікті қысымға алып отырады.
Біз енді ондай нәрселерге мән бермейміз, бойымызда батырлардың қасиеті бар, соңына дейін барып, қажет болса игерілмей жатқан не заңсыз берілген 20-30 миллион гектар жерлерді қайтаруға даярмыз!
Бақытжан Базарбек
ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?