Адам саудасы үшін бас бостандығынан айырылғаны туралы, «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі мәлімдеді Шымкент қаласы соттарына сілтеме жасап.
Шымкент қаласының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Д.ға қатысты қылмыстық іс қаралып,  ҚР ҚК-нің 128-бабының 3-бөлігімен, адамды сатып алу-сату немесе оған қатысты өзге де мәмiлелер жасасу, сол сияқты оны қанау не азғырып көндiру, тасымалдау, беру, жасыру, алу, сондай-ақ қанау мақсатында өзге де іс-әрекеттер жасау және адамды Қазақстан Республикасының шегiнен тысқары жерге әкету бойынша, сот үкімі оқылды.
Д. 2019 жылдың наурыз-маусым айлары аралығында жәбірленушілер К.Р. (2001 ж.т.) мен А.Ә.-ны (1999ж.т.) Бахрейін Патшалығында ақылы интимдік қызмет көрсету бойынша пайдалану мақсатында, жәбірленушілерге даяшы ретінде жұмыс жасайтындары туралы алдап айтып, оларды Бахрейн Патшалығында тергеумен аты-жөні белгісіз «Маджид» есімді адамға сатып жібергені анықталды. Сондай-ақ, сотталушы Бахрейн Патшалығының аумағында болған кезде жәбірленушілерді қонақүй аумағында жыныстық құлдықта күштеп ұстаған, олардың туыстарымен телефон арқылы байланысын шектеген, кейде телефонмен сөйлесуге мүмкіндік беріп, олардың әңгімелерін өзі бақылап отырып, сондай-ақ жәбірленушілер клиенттерге қызмет көрсетуде өз жұмысын толық орындамағаны үшін жазалаған.
Сотталушыға тағылған айып, қылмыстық істің құжаттарымен, жәбірленушілердің жауаптарымен және куәлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, сондай-ақ сотталғаннын өзінің де жауаптарымен, жауапкерлердің, куәлердің жауаптарымен ішінара сәйкес келетін және де басқа да рұқсат етілген дәлелдемелермен расталып,  ҚР ҚК-нің 128-бабының 3-бөлігінің санкциясы (2019 жылғы редакцияда) 7 жылдан 10 ға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған, ҚК-нің 135-бабының 3-бөлігінің санкциясы (2019 жылғы редакцияда) 10 жылдан 12-ға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған екеніне сүйеніп, судья, сотталушы Д. соттың үкімімен ҚК-нің 128-бабы 3 бөлігі және ҚК-нің 135-бабы 3-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабын ескеріп, қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша түпкілікті 8 (сегіз) жыл бас бостандығын айыру жазасына сотталған.
Сонымен қатар, жәбірленуші К.-нің қылмыстық құқық бұзушылықпен келтірілген моралдық шығынды өндіру туралы азаматтық талап қою ішінара қанағаттандырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Шымкент қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?