Әскери қызметші ерлі — зайыптылардың денсаулығына қасақана зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылды.
Алматы гарнизоны әскери сотында бұзақылық ниетпен денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтiру бойынша айыпталған сотталушы Б-ға қатысты қылмыстық іс бойынша үкім жарияланды. (ҚР ҚК-нің 107-бабының 2-бөлігінің 1,5-тармақтары,)
 Сотпен анықталғаны:
Сотталушы Б. ағымдағы жылы 11 ақпанда сағат 02.00 шамасында «Ева» түнгі клубының жанында бұзақылық ниетпен жәбірленуші ерлі-зайыпты Ч.-ға қасақана орташа ауырлықтағы дене жарақатын келтірген.
 Дәлелдер бойынша:
Сотталушының кінәсі сотталғанның өзі мойындаған айғақтарымен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен, сараптамалардың қорытындыларымен, оқиға болған жерді тексеру хаттамаларымен дәлелденген.
 Тараптардың позициясы:
— Прокурор сотталушы Б.-ға 1 жыл 6 ай бас бостандығынан шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады.
— Сотталушы кінәсін мойындады.
 Сот шешімі:
Сотталушының қылмыстық жауапкершілігі мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар бойынша сот оның жасын, кінәсін мойындауын, соттылығының жоқтығын, татуласуға және зиянды өтеуге деген ұмтылысын таныды.
Сот ант берген адамның қылмыстық, құқық бұзушылық жасауын ауырлататын мән-жайлар ретінде таныды.
Жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сотталған адамның жеке басын ескере отырып, сотпен 1 725 000 (бір миллион жеті жүз жиырма бес мың) теңге сомасына 500 (бес жүз) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл түрінде жаза тағайындалды.
 Сонымен қатар, сотталушы Б.,-дан жәбірленушілер Ч.,және Ч., пайдасына жалпы 1 000 000 (бір миллион) теңге көлемінде моральдық зиян өндірілді.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Қайнар: Әскери соттар Баспасөз қызметі

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?