Акушерлер жаңа туған нәрестені сатқаны үшін сотталды. Бұл туралы, «Астарлы ақиқат»  ақпарат агенттігі мәлімдеді, Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына сілтеме жасап.
Жамбыл облысында перзентхананың екі акушері жаңа туған нәрестені сатқаны үшін, ҚР ҚК-нің 135-б. 2-б. 1,7,12-тармағы мен қозғалған қылмыстық іс сотқа жетті.
Аталған қылмыстық іс бойынша сотта, 2022 жылдың қараша айында жәбірленуші жүктілікті мерзімінен бұрын тоқтату мақсатында, аурухананың перзентхана бөлімінің акушері Б.-ға хабарласқан. Жәбірленушінің жүктілігін отбасынан жасырғанын түсінген Б., өзінің әріптесі Ю.-дан босанғаннан кейін баланы сатуға көмек сұраған. Өзінің қылмыстық ниетін жүзеге асыру үшін (яғни адамдар тобымен алдын ала сөз байласу арқылы) акушерлер жәбірленушіні алдау және сенімін теріс пайдалану арқылы жаңа туған нәрестені азаматқа 1,5 млн теңгеге сатқаны анықталды.
аталған істе сотталушыларға мемлекеттік айыптаушы прокурор оларды 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұрағаны мен сот, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде бір сотталушының жас балаларының барын ескерді.  Ал жазаны ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ деп тапқан судья, жасалған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, сондай-ақ ҚК-нің 55-б. 2-б.-ның жазалау шегін шектейтін талаптарын ескере отырып, сотталушыларға 8 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?