Кәсіпкерлер 30 іс бойынша бітімгершілікке келді. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады.
Жамбыл облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен кәсіпкерлер арасындағы 30 азаматтық іс бойынша даулар медиативтік келісімдер жасасу арқылы шешілді. Бұл іске ғана емес жалпы Жамбыл облысында  экономикалық соттың  барлық татуластыру істері бойынша, татуластырушы-судьясы Ажакаева Гульнара Канатбековна мен қаралып, екі тарап бітімгершілікке келген.
Кәсіпкерлік субъектілері арасында шарттарды бұзу, берешекті, сыйақыны өндіріп алу, оңалту басқарушысының іс-әрекеттеріне шағымдану, жобалау-сметалық құжаттаманы бұзушылықтарды жою және мемлекеттік сараптама жүргізу міндеттемесі, тұрақсыздық айыбын және төленген аванстық қаражатты өндіріп алу, өсімпұлды өндіріп алу және жұмысты тапсыру міндеттемесі бойынша даулар туындады.
Істерді қарау барысында татуластырушы-судья Гүльнара Ажакаева «медиация» рәсімдерін қолдану арқылы дауларды шешудің тәртібі мен артықшылықтарын түсіндірді.
Нәтижесінде, тараптар қазан айының 10 күнінде сот медиациясын жүргізу нәтижесінде дауларды шешумен 30 бітімгершілік келісім жасасты, бұл тараптарға істі сотта қарауға жұмсалған уақытты қысқартуға, сондай-ақ мемлекеттік бажды қайтаруға мүмкіндік берді. Істер бойынша іс жүргізу тоқтатылды, сот ұйғарымдары заңды күшіне енді.

Ажакаева Гульнара Канатбековна  16 қаңтарда, 1981 жылы туылған,  Жамбыл облысының тумасы. Гульнара Қанатбековна  Тараз қаласының № 2 сотында  2002 жылы маман-хатшы   болып қызмет бастаған. 12.01.2012 жылдан  27.11.2014- жылдар арасында Жамбыл облысы адвокаттар алқасының мүше болып,  адвокат қызметін атқарған.  28.11.2014- жылдан бастап  бүгінгі таңда Жамбыл облысыны  мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының судьясы болып қызмет атқаруда.

Негізінде мемлекетімізде «партисипативтік» және «медиация» жүйесі қолға алынғанына да біраз жылдар болды. Алайда «партисипативтік» жүйеге қарағанда «медиация» жүйесі халыққа өз қателіктерін сотталмай тұрып түзеуге, кешірімді болуға, дауларды сотсыз бітімгершілік арқылы шешуге үлкен мүмкіндік беретін жүйе болып саналады.  Ал соттарда да, «медиация» жүйесінің орындалуы «партисипативтік» жүйесіне қарағанда басым екені белгілі- Сардар Әбдіжақия.
Алла кешірімді, пендесі қайда барады?
Дегенмен дауласқан тараптар төс қағысып, қол алысып сот істерін татуласу арқылы шешу біз Қазақтың дәстүріне де, дініне де, заңына да қайшы емес, әрі пайдалы, әрі сауапты іс болып табылады. Осы сауапты істермен тараптарды татуластырып, соттағы бір қаншама істерді бітімгершілікпен нүктесін қойып жатқан, Жамбыл облысы экономикалық сотының татуластырушы-судьясы Гүльнара Ажакаева халықтың алғысына бөленуде.
Кешірімді болғанға не жетсін. Мақсат түрмені толтырып, жаппай соттау емесқой.  Кешірімді болайық ағайын.
Сардар Әбдіжақия
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?