Ереуіл заңсыз деп танылды. Бұл туралы Маңғыстау аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Маңғыстау аудандық сотына талап қоюшы «Caspian Drilling LLP» ЖШС-і қызметкерлеріне қатысты ереуілді заңсыз деп тану туралы талап қоюмен жүгінген.
Кәсіпорын қызметкерлері 2023 жылғы 23,24,25,26 және 27 қазанда Маңғыстау ауданының «Каратурун Восточный» кен орнының аумағында жұмысын толығымен тоқтатып, ереуілге шыққан.
Қызметкерлер бұрын жұмыстан босатылған қызметкерлерді жұмысқа қалпына келтіру, «ПротекторТранс» ЖШС-нің қызметкерлерді «АТМГГ» АҚ-на ауыстыру, аталған мекеменің қызметкерлері жалақыны 50% көбейтуді, сыйлықақыларды төлеу, «Мұнайшы күніне» 100% сыйақы төлеу, директордың орынбасары мен бөлім бастығыны қызметінен босату талаптарын ауызша қойған.
Талап қоюшы өз арызында ереуіл Еңбек кодексінің нормаларын бұза отырып өткізілгенін, себебі қызметкерлер талаптарының жазбаша хабарламасының табысталмағанын, ереуілдің басталуы және оның ұзақтығы туралы, ереуілді өткізу жөніндегі жұмысшылар конференциясы өткізілмегенін, ереуіл комитеті құрылмағанын, ереуіл қауіпті өндірістік объектісінде өткізіліп, жұмыскерлермен механизмдердің үздіксіз жұмысы қамтамасыз етілмегенін, ереуілдің Еңбек кодексінде көзделген мерзімдер, рәсімдер мен талаптар ескерілмей жарияланғанын көрсеткен.
2023 жылғы 27 қазандағы Маңғыстау аудандық сотының сот шешімімен талап қою қанағаттандырылып, жұмыскерлердің ереуілі заңсыз деп танылды.
Сот шешімі жарияланғаннан кейін тараптарға түсіндірілді.
Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?