Дәрменсіз күйдегі үш пациентті қинаған санитар сотталды деп жариялады «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі.
Оңалту орталығының санитары дәрменсіз күйдегі үш пациентті қинады деп айыпталып,  ҚР ҚК-нің  110-бабы 2-бөлігінің 1,2-тармағы мен сотқа жолданған болатын.
Сот барысында, жас жігіт хосписте санитар және оңалту орталығында жаттығу терапиясының нұсқаушысы болып жұмыс істей отырып, физикалық жаттығулар кезінде егде жастағы және кәмелетке толмаған науқастарды жүйелі түрде ұрып-соғып, азаптағаны анықталып, сотталушының кінәсі бейнежазбалармен, жәбірленушілер мен куәгерлердің айғақтарымен өз дәлелін тапты.
Сот, кінәні мойындауын және шын жүректен өкінуін қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде танып, ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ- деп тауып, сотталушыны азаптау фактісі бойынша кінәлі деп танып, 4 жыл 8 айға бас бостандығынан айырды.
Жәбірленушілердің пайдасына 2 млн теңге көлемінде моральдық зиянды өтеу сомасы өндірілді.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?