Әрбір сурет шуақты!
Алматы қ. бойынша Сот әкімшілігі департаменті қызметкерлерінің 13 баласы Алматы қалалық сотында Республика күніне орай ұйымдастырылған сурет байқауына қатысты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жас қылқалам шеберлері ұсынған суреттер шығармашылық ізденіске, идеялық мазмұнға бай – олар Отанға деген сүйіспеншіліктерін, оның тарихын, ұлттық болмыс пен республиканың өзіндік ерекшелігін қағаз бетіне түсірген.
Балалар басты құндылықтарды – бостандық, бірлік пен бейбітшілікті бейнелеп, кейіпкерлердің образдарын қайта жаңғырта алды. Балдәурен балалық шақтарында өздерінің бақытты елдерін, оның бейбіт әрі ашық аспанын, кемел келешегін қалай көріп, қалай сезінетіндерін сәби жүректерімен суреттеген.
Әрбір сурет өзіндік бояуға ие, бір-бірінен ерекше, түрлі эмоциялар мен таза энергияға толы. Бұған ұсынылған жұмыстардың айрықша, ойлы мазмұны мен алуан түрлі түс гаммасы дәлел.
Қазылар алқасы, тәжірибелі сарапшылар байқауды қорытындылау барысында суреттердің сапасы мен өзіндік ерекшелігіне тәнті болды.
Байқаудың аты байқау, сондықтан балалардың жұмысын бағалауда орындау техникасы, ішкі ойдың көркемдік көрінісі, тақырыпқа сәйкестік секілді критерийлер ескерілді.
​Алматы қаласы бойынша Сот әкімшілігі департаментінің басшысы Ержан Қожахметов байқауды қорытындылап, балаларға алғысын білдірді, әрбір сурет олардың Отанға деген сүйіспеншіліктерін көрсететінін және байқау барысында жас дарындар Республика күнін мерекелеуге өздерінің шығармашылық үлесін қосқанын атап өтті.
​Бейнелеу өнері біздің балаларымыздың қиялына қанат бітіріп, олардың таланттарын танытуға мүмкіндік беретіні, мәдениет пен ұлттық дәстүрлердің көркем көрініске айналатыны, сондай-ақ бақытты егеменді елде өмір сүруге деген ұмтылысты аңғартатыны атап өтілді.
Байқауға қатысқан әрбір жас суретші сыйлыққа ие болды.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?