Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметінің хабарлауы бойынша, 2023 жылғы 31 қазанда Нұржан Әлтаевқа (экс-вице-министр) қатысты іс бойынша алдын ала тыңдалым басталды. Бұл туралы Астана соттары мәлімдеді.
Оған аса ірі мөлшерде ақша түрінде пара алды деген айып тағылды (ҚК 366-бабының 4-бөлігі).
Н. Әлтаев 2018 жылдың ақпанынан 2020 жылдың шілдесіне дейін «Атамекен» ҰКП мүдделері үшін тиімді ресми шешім қабылдауға ықпалдасып, делдал арқылы А. Мырзахметовтен пара ретінде жалпы сомасы 50 млн. теңгеден астам (115 мың АҚШ доллары және 8 млн. 150 мың теңге) ақшалай қаражат алды деп айыпталуда.
Қылмыстық іс 15 томнан тұрады, іс бойынша 18 куәгер өтуде.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?