Қазақстанның халықаралық ұйымда басшылық қызметтегі өкілдігі ерекше маңызды және елдің сіңірген еңбегін мойындау болып саналады. Бұл туралы ҚР Жоғарғы Сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Биылғы жылы Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығы (IACA) Буэнос-Айрестегі конференциясын «Сот төрелігіне қолжетімділік, өзгермелі әлемдегі әкімшілік қызмет және инновациялар» тақырыбын талқылауға арнады.

Оның жұмысына Қазақстан делегациясы қатысты, оның құрамында Жоғарғы Соттың Төрағасы Асламбек Мерғалиев, Сот әкімшілігінің басшысы Наиль Ахметзакиров және Ақмола облыстық сотының төрағасы Арман Жүкенов болды.

Форумға қатысушыларға жылы лебізін білдіре келе, өз сөзінде А.Мерғалиев Қазақстанда жүзеге асырылып келе жатқан сот реформаларының нәтижесінде сотқа деген сенім көрсеткіштері жақсарғанын, ал азаматтық сот ісін жүргізуде дауларды шешудің баламалы тәсілдері қолданылып жатқанын айтты.

Мемлекет басшысының 2023 жылғы қаңтарда уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігін құру туралы шешіміне баса назар аударылды. Бұл – сот корпусының тәуелсіздігін нығайтты және судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруға шоғырлануына мүмкіндік берді.

Арнайы сессия барысында конференцияға қатысушыларға сот жүйесіндегі реформалар мен цифрландырудың қазақстандық тәжірибесі таныстырылды. IACA басшысы Луис Пальманың «әлемдегі ең озық үлгілердің бірі» деп атаған Сот әкімшілігінің үлгісі Ұйымның назарын өзіне аударды.

Н. Ахметзакиров шетелдік әріптестерін цифрлық және ақылды смарт соттарды енгізу қағидаттары (Қазақстан соттарға ақпараттық технологияларға қолжетімділік бойынша 4 орында), экстерриториялық соттылық, жасанды интеллект және роботтандыру элементтері, қазақстандық соттарды биліктің басқа тармақтарынан тәуелсіз ететін бюджеттің ең төменгі шегін заңнамалық тұрғыдан бекіту туралы хабардар етті.

Қазақстанда жүзеге асырылған жобалардың тәжірибесі форумға қатысушылардың практикалық қызығушылығын тудырды, олардың тиімділігі мен прогрессивтілігі жоғары бағаланды: IACA қатысушылары Орталық Азия елдеріне жетекшілік ететін қауымдастықтың вице-президенті лауазымына Сот әкімшілігінің басшысын сайлады.

IACA – қызметі сот менеджментін дамытуға бағытталған жаһандық ұйым, жыл сайын озық практикаға шолу жүргізеді. Оның құрамында  – 104 елдің өкілі бар, Қазақстан – 2016 жылдан ұйымның мүшесі.

Халықаралық сот әкімшілігі қауымдастығының жыл сайынғы 14-шы конференциясы 2019 жылы Қазақстан астанасында өтті.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?