Жұбайын соққаны үшін қамаққа алынды. Бұл туралы Ақмола облысы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында, құқық бұзушылардың отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін жауапкершілігі күшейтілді.
ӘҚБтК-нің 73, 73-1, 73-2, 461, 669-баптарында көзделген құқық бұзушылықтар жасағаны үшін қамаққа алу түріндегі әкімшілік жазаның мерзімі ұлғайтылды.
Сандықтау аудандық соты жұбайының денсаулығына жеңіл зиян келтіргені үшін «П.»-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қарады (ӘҚБтК 73-1-бабының 1-1-бөлігі).
Азамат «П.» мас күйінде, жұбайымен жанжал кезінде оның бетіне және басына жұдырықпен ұрып, денсаулығына жеңіл зиян келтірді.
Сот қаулысымен «П.»-ға, оның мінез-құлқына 3 айға ерекше талаптар белгіленіп, 15 тәулікке қамаққа алу тағайындалды.

Сот, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында, осындай құқық бұзушылықтар үшін бірнеше рет әкімшілік жауапкершілікке тартылған азаматтарды қатыстырып, құқық бұзушыларға үлгі алу мақсатында көрсетілім сот отырысын өткізді.

Ақмола облысы
Сандықтау аудандық соты

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?