Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол-көлік оқиғасын жасаған жүргізушіге үкім шығарылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі жариялады, Жезқазған қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жезқазған қалалық сотында көлiк құралын басқаратын адамның алкогольдік масаң күйде жол жүру қағидаларын  бұзып, абайсызда адам өліміне және адамның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрді  деп-  айып тағылған азамат «Б.»-ға қатысты ҚР ҚК-нің 345-1 бабы 3-бөлігі мен сараланған  қылмыстық іс қаралды
2023 жылғы 30 қыркүйекте сағат 11:00 шамасында «Б.» «Reno Sandero» маркалы автокөлігін алкогольдік масаң күйде басқарып, Жезқазған қаласына қарай бағыттап, Жезқазған-Медзауыт саябағы автожолында қозғалып келе жатып, Жол жүрісі қағидаларының талаптарын бұзып, қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып, «Toyota Camry» маркалы автокөлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде нәтижесінде «Toyota Camry» маркалы автокөлігінің жолаушылары «В.» дене жарақаттарының салдарынан оқиға орнында қайтыс болған, «Б.»-ның денсаулығына ауырлығы орташа зиян келтiрілген.
Сот, айыпталушы  «Б.»-ны  кінәлі деп танып, оған аталған бап бойынша 10 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айыра отырып, 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындады.
Жәбірленушілер «В.» мен «Б.» талаптары ішінара қанағаттандырылып, сот ақыл-парасаттылық пен әділдік өлшемдерін негізге алып, сотталушының материалдық жағдайын ескере отырып, жәбірленуші «В.»-ның пайдасына 5 000 000 теңге, «Б.»-ның пайдасына 1 000 000 теңге моральдық зиянды өтеді.
Ұлытау облысы
Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?