Жасөспірімнің анасы ата-аналық міндеттерін орындамағаны үшін жазаланды. Бұл туралы Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты.
Атырау облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қазақстан Республикасының ӘҚБтК-нің 127-бабының 1-бөлігімен Ж.-ға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды.
Сотта анықталғандай, құқық бұзушы Ж.-ның ұлы — 3 сынып оқушысы дәлелсіз себептермен 20 күн бойы сабаққа қатыспаған.
Яғни, азаматша Ж. кәмелетке толмаған баланы тәрбиелеу және оған білім беру, сондай-ақ күтім жасау және күтіп-бағу жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған.
Сот отырысында құқық бұзушы Ж. өз кінәсін мойындап, әрекетіне өкінді.
Сот қаулысымен кәмелетке толмағанның анасы кінәлі деп танылды. Сот оның жеке басын, отбасылық және материалдық жағдайын, құқық бұзушылықтың сипатын ескере отырып, оған 24 150 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл тағайындады.
Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.
Атырау облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?