Сот мұғалімдердің құқықтарын қорғады. Бұл туралы Жуалы аудандық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Жуалы аудандық сотымен еңбек өтілін дұрыс есептеп еңбек ақыны есептеуде орын алған тиісті айырмасын өндіру туралы талап қою қанағаттандырылды.
Сотпен анықталғандай, талап қоюшылар С. мен А. Шақпақата ауылындағы орта мектепте мұғалім болып қызмет атқарып жүріп, Университетте сырттай оқып жоғары білім алған, алайда білім бөлімімен 2023-2024 жылдарына тарификация тізімін жасақтау барысында, талап қоюшылардың еңбекақыны есептеу коэффициентінің төмендеуіне себеп болып, соған келіспеушілік білдірген.
Өздерінің талаптарының негізділігіне талап қоюшылар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 14 маусымдағы №302 бұрығына, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Еңбек кодексіне сілтеме жасады.
Талап қоюшылар өздерінің арызында, еңбек өтілін дұрыс есептеп еңбек ақыны есептеуде орын алған тиісті айырмасын өндіруді сұрады.
Сот шешімімен мұғалімдердің талап қоюлары қанағаттандырылып, білім бөліміне сырттай оқыған кезеңін педагогикалық еңбек өтілдеріне есептеу мен 2023 жылдың 1 қыркүйегінен 31 желтоқсанға дейінгі еңбек ақысында пайда болған айырмашылығы өтеуді міндеттеді.
Осылайша сот мұғалімдердің бұзылған заңды құқықтары мен мүдделерін қорғады.
Жамбыл облысы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?