СОТ АЛҚАСЫ «MUDARABAH CAPITAL»-ІСІНЕ ҚАТЫСТЫ СОТ ҮКІМІН ӨЗГЕРТУСІЗ ҚАЛДЫРДЫ. Бұл туралы Алматы қаласы сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.
Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы «Mudarabah Capital» қаржы пирамидасының басшылары мен қатысушыларына қатысты қылмыстық істі апелляциялық тәртіпте қарады.
Бұған дейін, бірінші сатыдағы соттың үкімімен 10 сотталушы ұйымдасқан топқа немесе қылмыстық ұйымға қатысу, қаржылық (инвестициялық) пирамида құру және оны басқару бойынша кінәлі деп танылып, олар 6 жылдан 14 жылға дейін бас бостандығынан айырылған болатын.
Сотталушылар Т. және Ш. қаржылық пирамиданы басқарғаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Сотталушылар мен олардың өкілдерінен үкімге апелляциялық шағым түсірді.
Сот алқасы сотталушы К.-ның 2019 жылы «Astex.kz» ЖШС ашқанын анықтады, ЖШС салымшыларды тартумен,қаражатты қабылдаумен айналысқан, бұл ретте салымшыларға салымдар бойынша дивидендтер ала және бөле отырып, олардың тендерлік жобаларға бағытталатынытуралы жалған ақпарат берген.
Оның орнына, түскен ақшалай қаражат алынып, сотталушылардың жеке шоттарына аударылып, ал жәбірленушілердің салым ретінде ұсынылған мүліктері,«Astex.kz» ЖШС-нің есеп шотына ақша енгізбестен сатылып отырған.
Осылайша, жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде – 867,5 млн. Теңгеге, материалдық залал келтірілген.
Кейіннен сотталушы К., қылмыстық әрекеттерге желілік маркетинг саласында тәжірибесі бар тұлғаларды тарту туралы шешім қабылдайды, ол үшін желілік компанияларды алға жылжытуда тәжірибесі бар О.-мен (іздеуде) қылмыстық келісімге келген.
Нәтижесінде, 2020 жылдың ортасында «MUDARABAH CAPITAL» ЖШС атты жаңа пирамида құрылды. Бұл науқан Ислам қағидаларына сәйкес келетін қаржы (инвестициялық) институты ретінде таныстырылып, жәбірленушілердің осы жобаға үміт бар деген жалған түсінігін қалыптастырған.
«MUDARABAH CAPITAL» ЖШС құрылтайшыларының құрамына осы ЖШС-да әрбірінің 11-11,5% үлесі бар түрлі қылмыстық рөлдер берілген сотталушылар Б., У., Ч., К., Ж., С. кірген.
Сондай-ақ, компанияның қызметіне Ш. және Т. да тартылған оларға компанияның жұмысын насихаттау, үгіттеу, әлеуметтік желілердегі өз парақшаларында ЖШС жарнамасын жүргізу рөлдері берілген.
Осы қаржы пирамидасының қылмыстық қызметінің нәтижесінде жәбірленушілерге аса ірі мөлшерде — 1 млрд. теңгеден астам материалдық залал келтірілді.
Сот алқасы тараптардың өтініштері мен дәлелдерін зерделей келе, үкімді өзгерту немесе бұзу үшін негіздерді анықтаған жоқ. Осыған байланысты сот алқасының қаулысымен бірінші сатыдағы соттың үкімі өзгеріссіз қалдырылды, апелляциялық шағымдар қанағаттандырылған жоқ.
Сот үкімі заңды күшіне енді.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?