Такси жүргізушісін өлтіргендерге үкім оқылды. Бұл туралы «Астарлы ақиқат» ақпарат агенттігі.
Алматы қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен такси жүргізушісін өлтірді деген айыппен кәмелетке толмаған Г. және Х.-ға қатысты қылмыстық іс, ҚР ҚК-нің 99-бабы 2-бөлігі, 7,8-бөл. ҚК-нің 200-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы, 188-бабының 2-бөлігінің 1-тармағы бойынша қаралды
2023 жылдың жазында сотталушылар Г. және Х. пайдакүнемдік ниетпен Шымкент-Алматы бағыты бойынша такси шақыртқан. Іс-сапар соңында сотталушылар Г. және Х., алдын ала сөз байласу арқылы такси жүргізушісі П.-ны 40 мың теңге көлеміндегі жолақысын төлеуден жалтару мақсатында өлтіргені анықталды.
Сотталушылар жүргізушіге пышақпен көптеген соққылар беріп, соңғысының сол жерде қайтыс болған және  сотталушылар жәбірленушінің көлігін ұрлап, 80 мың теңге тұратын ұялы телефонын ұрлап кеткен.
Өз кінәларын мойындамаған айыпталушыларға прокурор 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.
Алайда алқабилер сотының үкімімен сотталушылар Г. және Х. қасақана адам өліміне әкеп соқтырғаны үшін ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша  кінәлі деп танылып, әрқайсысына 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Алматы қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?