Сотталушылар О., К. және С.-ға алаяқтық және медициналық қызметпен заңсыз айналысу бойынша ҚР  ҚК-нің 190-бабы, 3-бөлігі 4-тармақшасы және  322-бабының . 1,2-бөліктері мен қылмыстық іс  сот құзырында құқықтық бағасын алды.
2021 жылдың тамыз айынан 2022 жылдың маусым айы аралығында сотталушылар О., К. және С. адамдар тобымен алдын ала сөзу байласу арқылы, алдау, сенімді теріс пайдалану жолымен, бөтеннің мүлкін бірнеше рет жымқыру мақсатында заңсыз медициналық қызметпен, яғни Тараз қаласында сұлулық салонында сертификат, лицензиясыз және медициналық білімсіз косметологиялық қызметтер көрсетіп, пластикалық оталар жасаумен айналысқан.
Сотталушылардың қылмыстық әрекеттерінің салдарынан 9 жәбірленушінің денсаулығына орташа және ауыр дәрежеде зиян келтірілген.
Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәлердің айғақтарымен, бейнежазбалармен және заттай дәлелдемелермен объективті дәлелін тапқанын сот барысында анықталды
Жасалған қылмыстың қоғамдық қауіптілік дәрежесі мен сипатын ескере отырып, түпкілікті О.-ға медициналық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Сотталушы К.-ға медициналық қызметпен айналысу құқығынан 5 жылға айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды Ал қылмыстық іс 322-бабының. 1,2- бөлігі бойынша ҚР ҚК-нің 72-бабы 1-бөлігі 2-тармақшасы негізінде ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қысқартылды.
С.-ға медициналық қызметпен айналысу құқығынан 6 жылға айыра отырып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
Тараз қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?