2024 жылғы 13 ақпанда Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты М., И. және Т.-ға қатысты үкім шығарды. Бұл туралы  Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді.
 Тергеу барысында М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталды деп (ҚК 24-бабының 3-бөлігі – 367-бабының 4-бөлігі), И. – парақорлыққа делдалдық жасады деп (ҚК 368-бабының 1-бөлігі) және Т. – аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деп (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы) айыпталды.
 М., 2022 жылдың желтоқсанында Астана қаласының тергеу изоляторында болған кезінде қамаудан босатылып, «Д» қонақ үйін меншігінде ұстап қалғысы келіп, адвокат Т. арқылы лауазымды тұлғаларға аса ірі мөлшерде пара беруге қылмыстық ниет білдірді, бұл ретте өзінің жұбайы И.-ны парақорлыққа делдал ретінде тартуға шешім қабылдады.
 Әрі қарай, жұбайы М.-мен келісіп, Т.-мен келіссөздер жүргізіп, заңсыз ақшалай сыйақыны лауазымды адамдарға беру туралы келісімді жүзеге асыру мақсатында Т.-ға М.-ның пара беруге дайындығы туралы хабарлады.
 2022 жылдың желтоқсанында И. кафеде «Д» қонақ үйінің мәселесін шешу үшін Т.-ға 140 мың АҚШ долларын жеке өзі табыстады.
 2023 жылдың қаңтарында жұбайы Т.-ның көлігінде делдал рөлін атқара отырып, М.-ға қатысты бұлтартпау шарасын өзгерту үшін 120 мың АҚШ долларын өзі тапсырды.
 2023 жылдың сәуірінде И. жүргізушісі арқылы Т.-ға жазасын жеңілдету үшін тағы да 100 мың АҚШ долларын берді.
 2023 жылдың маусымында ол тағы да делдал рөлін атқара отырып, өзінің ұлы арқылы Т.-ға 27 млн. теңге және 40 мың АҚШ доллары сомасында ақша берді.
 Т. алдау және сенімге қиянат жасау арқылы ақшаны иемденіп, оларды өз қалауы бойынша басқарды- деп йып тағылды.
 Сот үкімімен М. аса ірі мөлшерде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабының 3 және 6-бөліктері негізінде, 20.06.2023 жылғы Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотының үкімімен тағайындалған қатаң жазаны неғұрлым қатаң жазаға сіңіру жолымен қылмыстық құқық бұзушылықтар жиынтығы бойынша өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға тыйым салына отырып, 11 жылға бас бостандығынан айырылды.
И. парақорлыққа делдалдық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 368-бабының 1-бөлігі), өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқаруға тыйым салынып, 6 айға бас бостандығынан айырылды.
 Т. аса ірі мөлшерде алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып (ҚК 190-бабы 4-бөлігінің 2) тармағы), 10 жыл мерзімге адвокаттық қызметпен айналысу құқығынан айырыла отырып, 6 жыл 8 айға бас бостандығынан айырылды.
 Үкім заңды күшіне енген жоқ.
 Астана қаласы

Loading

от admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Открыть чат
Астарлы ақиқат агенттігі whatsapp желісі
Сәлеметсіз бе?
Сізге қандай көмек көрсете аламыз?